30.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Үшжақты кездесу

«МАЭК» ЖШС-не Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Пайдаланудан шығару және қоршаған ортаны қалпына келтіру секциясы тобының басшысы Vladimir Michal , Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ)  Ядролық қауіпсіздік департаментінің қауымдастырылған директоры Steven J White және ҚР Ұлттық ядролық орталығының өкілдері келді.

Шетелдік қонақтар  мұнда кәсіпорындағы реакторлық қондырғы мамандарымен пікірлесу және БН-350 реакторын пайдаланудан шығару мәселесі бойынша нәтижелі кездесу өткізу үшін келді.

Бұл мәселе  өткен жылдың қыркүйек айында Венада  Натрийлі жылу тасығышы бар ядролық реакторларды пайдаланудан шығару  мәселелері бойынша әлемдік тәжірибелерді талқылау  бойынша өткен МАГАТЭ Бас конференциясының 67-ші сессиясы аясында ҚР Энергетика министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің кездесулері барысында да талқыланған болатын.

«МАЭК» ЖШС басшылығының төрағалығымен үшжақты әріптестікті және ынтымақтастық мүмкіндігін талқылау мақсатында болып өткен кеңес барысында Vladimir Michal ядролық объектілерді пайдаланудан шығару және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы МАГАТЭ қызметі туралы презентация ұсынды.   

Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) ядролық нысандарды пайдаланудан шығару жобаларын  халықаралық қолдауы туралы Steven J White әңгімеледі.

Сарапшылар Ақтаудағы сапары барысында  реактор қондырғысымен танысуды және БН-350 реакторын пайдаланудан толық шығару мәселелері бойынша өз көзқарастарын ұсынуды жоспарлауда.