04.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Ақтау қаласы әкімі жанындағы аналар кеңесі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері кәсіпорын ұжымымен кездесті. «Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы» тақырыбында өткен  кездесуге қатысушылар отбасылық құндылықтар, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, ұл мен қыз тәрбиесіндегі ерекшеліктер, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеудің маңызы туралы пікірлерімен бөлісті. 


Ақтау қаласында Аналар кеңесі екі жыл бұрын құрылып, өз жұмысын бастаған болатын.  Кеңес құрамында қаладағы білім, мәдениет және  этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бар. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2022 жылдың 1 қыркүйегінде жасаған жолдауында елдегі демографиялық жағдай, отбасылық құндылықтарды сақтау, жастарды тәрбиелеуге ерекше назар аударып, бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы орайда, 2022 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің отырысында   «Мәдениетті ана   –  мәдениетті  ұлт»  республикалық жобасы  таныстырылып, қолға алына бастады. Ақтау қаласындағы Аналар кеңесі де осы жоба аясында бірқатар шаралар ұйымдастырып, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты жұмыстарға өз үлестерін қосуда.


«МАЭК» ЖШС қызметкерлері маңызды тақырыпта әңгіме қозғап, тұшымды пікір-талас өткізген қонақтарға ризалығын білдіріп, алғыстарын жеткізді.