08.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«General Electric» компаниясы өкілдерімен кездесу

Кәсіпорынның басшылығы мен бірқатар жауапты қызметкерлері «General Electric» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Маңғыстау облысында электр генерациясын дамыту перспективалары және «МАЭК» ЖШС аумағында бу-газ қондырғысын салу мәселелері талқыланды.


Қазақстанның әр өңірінде (Қызылорда, Атырау, Ақтөбе) және таяу шет елдерде (Грузия, Армения, Әзірбайжан) газ турбиналары базасында БГҚ (ПГУ) жобаларын іске асыру тәжірибесі бар компания өкілдері өздері шығаратын газ турбиналық және бу күштік жабдықтарды таныстырды. Таныстыру барысында өнімнің артықшылықтары, атап айтқанда, атмосфераға пайдаланылған газдар шығарындыларының экологиялық көрсеткіштерін едәуір арттыратын газ-сутегі қоспасын пайдалану ұсынылды.


Кездесуде көтерілген біраз мәселелер қосымша пысықталып, қайта қаралатын болды. Айта кетейік, бұл жұмыстар Қазақстанда газ станцияларын салу бағдарламасы аясында жүргізілуде.