15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорын қызметін цифрландыру басты назарда

Бүгін «МАЭК» ЖШС Басқарма төрағасы – Бас директоры Қайрат Рахымов кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне барып, желтоқсан айында іске қосылған заманауи бағдарламалық экранмен жабдықталған жедел-диспетчерлік басқару жүйесінің жұмысымен танысты.

 

Орталық диспетчерлік қызметтің бас диспетчері Денис Хворов кәсіпорынның электр станцияларының режимдерін тәулік бойы бақылауда және энергия беруші ұйымдар арасында ақпарат алмасуда жаңа жүйенің артықшылықтары туралы айтып берді.

 

Өз кезегінде Бас директор кәсіпорында өңірді жылумен, сумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуде цифрландыруды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, жедел шешімдер қабылдау мақсатында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында комбинат жұмысының бизнес-процестерін цифрландыруға назар аудару қажет. Бұдан басқа, МАЭК-тің электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі барлық процестерін энергетиканың цифрлық платформасына интеграциялау мәселелері пысықталуға тиіс.