15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жастар - біздің энергетикамыздың болашағы

Энергетиктер апталығы аясында  кәсіпорын жастары «Жастар - біздің энергетикамыздың болашағы» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингке Бас директордың корпоративтік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұхит Балхожаев қатысып, жастарды қос мереке – еліміздің Тәуелсіздік күнімен және Энергетиктер күнімен  құттықтады.

«Желтоқсан мерекелі ай. Осы аптада біз екі бірдей мерекені атап өтеміз. Жаңа жылды қарсы алатын уақыт та алыс емес. Мен сіздерге тек қана денсаулық, сәттілік тілеймін! Кәсіпорын жастары бар білімін, күш-жігерін облысымыздағы ең күрделі әрі маңызды саланы дамытуға арнап,  халық игілігі үшін тынбай еңбек етуде. Комбинатта энергетикадағы ең мықты, тәжірибелі, білікті мамандар жұмыс істейтінін білесіздер. Сіздердің олардан алар үлгі-өнегеңіз, тәжірибеңіз мол болатыны сөзсіз. Біздің жастарымыз тек еңбекте ғана емес, қоғамдық өмірде де, спортта да белсенді. Өнерлі жастарымыз қаншама. Бүгін міне, энергетика тақырыбына тренинг өткізуге келіп отырсыз. Тақырып өте маңызды, сіздерді энергетикадағы қандай мәселелер толғандырады немесе қандай ұсыныстарыңыз бар, кәне, ортаға салайық»,- деді ол.

      Тренингке қатысқан жастар өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, тәлімгерлерден алған тәжірибелері, олардың маман ретінде қалыптасудағы ықпалы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, қатысушылар комбинатты жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстарға ризалығын білдірді.

    "Қазір біздің Жылу электр станциясындағы энергоблоктардың жабдықтары біртіндеп ауыстырылып, жаңартылуда. Нәтижесінде, біздегі өндіріс қуаты артып, ақаусыз жұмыс істеу мүмкіндігіміз де көбейді. Бұл үлкен қуанарлық жағдай",- деді ЖЭС электромонтері Кәкімбек Мұхамбетов.

     "Біздің Жөндеу зауытының жұмыскерлері де бұрынғыдай емес, турбина, қазандықтардың жөндеу жұмыстарына қажетті көптеген қосымша жабдықтардың, құрал-саймандардың әкелініп жатқанын айтып жүр. Біртіндеп жаңартылған, жаңғырған МАЭКке қол жеткіземіз деп сенемін" -дейді Жөндеу зауытының шебері Жарас Атаниязов.

      Тренингке қатысушылар жұмысты шығынсыз, тиімді жүргізу, электр энергиясын үнемдеу, жаңа заманауи технологияларды енгізу  туралы пікірлерімен бөлісті.

       Тренинг соңында белсенді жастарға кәсіпорын басшылығы  атынан Алғыс хаттар табысталды.