06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Үздік маман

Энергетиктер апталығы аясында "МАЭК" ЖШС-де "Үздік маман" байқауы өткізілді. Кәсіпорын бөлімшелерінде арнайы комиссиялар құрылып, қызметкерлер арасынан ең мықты, озық ойлы, тәжірибелі мамандар іріктелді. Нәтижесінде, ДӨжӨЖСЖЗ су тұшыту қондырғыларының 7 санатты аппаратшысы Сергей Гулак 1 орынды, Жөндеу зауытының 516 Жылу техникалық жабдықтарын құрастыру және жөндеу бригадасының электргаз дәнекерлеушісі Бисен Базабаев 2 орынды, ЖЭО-2 релелік қорғаныс және автоматика аппаратурасын және қазіргі заманғы аналогтарды жөндеу жөніндегі электромонтері Виталий Шаровка 3 орынды иеленді.

Байқау жеңімпаздарын Бас директордың корпоративтік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұхит Балхожаев құттықтап, Арнайы дипломдар табыстады.

Кәсіпорынның басқа да бірқатар қызметкерлері үздіктер байқауына белсенді қатысқаны үшін кәсіпорын басшылығы атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
      
Сонымен қатар, биыл жылдағы дәстүр бойынша кәсіби мереке қарсаңында өткізілетін салтанатты жиын елдегі қызылша дертінің таралуына қатысты эпидахуалға байланысты өткізілмейтін болды. Кәсіпорынның еңбек озаттарына Облыс әкімінің, Ақтау қаласы әкімінің және кәсіпорын басшысының атынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары қызметкерлердің жұмыс орындарында табысталды.