06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Нұрлан Ноғаев: Біздің мақсатымыз – МАЭК жабдықтарын жаңғырту және өзекті сұрақтар мен мәселелерді шешу

15 желтоқсанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев «МАЭК» ЖШС-де болды. Оған энергетикалық кәсіпорынның заманауи бағдарламалық экранмен жабдықталған, жаңғыртылған диспетчерлік орталық жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Диспетчерлік орталықты МАЭК диспетчерлері электр станцияларының режимдерін тәулік бойы басқару процесінде, комбинат бөлімшелерінің, энергия беруші ұйымдардың және Маңғыстау энергия торабы тұтынушыларының келісілген жұмысында пайдаланады.

Жедел-диспетчерлік басқару жүйесі бар модернезацияланған экран орнатылғанға дейін 15 жыл бойы кәсіпорында заманауй талаптарға сәйкес келмейтін мнемоникалық экран жұмыс істеген болатын.

Жаңартылған басқару экранының артықшылығы-ақпаратты көрсету жүйелерін тиімді ұйымдастыру, басқару тиімділігін арттыру, келіп түскен ақпараттың көлемін өңдеу, мозаикалық қалқанмен салыстырғанда үлкен дисплей, шараларға белсенді назар аудару, жедел персонал қызметінің ақпараттық жайлылығын қамтамасыз ету.

Орталық диспетчерлік қызметтің бас диспетчері Денис Хворовтың айтуынша, жаңа модельдің ескі мозаикалық экраннан айырмашылығы жылу станциялары бойынша ағымдағы ақпарат ағынын көбірек көрсетуге мүмкіндік береді.

- Экранда көрсетілген ақпарат диспетчерге технологиялық ақауларға тезірек жауап беруге, жағдайды тануға, дұрыс шешім қабылдауға және апаттың алдын алу және жоюға көмектеседі. Сондай-ақ, экранда тек энергетикалық параметрлерді ғана емес, сонымен қатар бу, су жіберу және жылумен жабдықтау параметрлерін де көруге мүмкіндік болады, - деді Денис Хворов.

Жұмыс барысымен танысқаннан кейін Нұрлан Ноғаев кәсіпорын қызметкерлерімен кеңес өткізіп, энергия комбинатының қызметін оңтайландыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

- МАЭК - Маңғыстаудың жүрегі. Біздің өлкеміздің тұрақты дамуы және оның тұрғындарының әл-ауқаты көбінесе энергия комбинатының тиімді жұмыс істеуіне байланысты. Өңірдің серпінді дамуы және халық өсімінің жоғары қарқыны бүгінде комбинатты жаңғырту мәселесін алға қойып отыр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «МАЭК» ЖШС қуатын кеңейту туралы тапсырмасы кәсіпорынның 2023-2030 жылдарға арналған жабдықтарды жаңғырту және жаңарту жөніндегі әзірленген жоспарымен сәйкес келеді. Сіздер - MAЭК қызметкерлері, көптеген жұмыстар атқардыңыздар, бірақ ұсынылатын қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту қажет. Жылыту маусымы енді ғана басталды, бірақ тұрғындардың жылумен қамтуға байланысты көптеген негізделген сындары бар. Кәсіпорында маман ретінде қызмет атқарғанмен, жұмыстан тыс уақытта сіздер де біз сияқты жылуды тұтынушысыздар. Кәсіпорын өнеркәсіп пен халықты қажетті ресурстармен сенімді қамтамасыз етуі керек. Осы мақсатта біз барлық қажетті шараларды қабылдаймыз және қолданыстағы заңнамаға сәйкес энергия комбинатының жұмысын жақсартуға ықпал ететін боламыз. Біздің мақсатымыз – МАЭК жабдықтарын жаңғырту, жылыту маусымына қатысты өзекті сұрақтарды шешу және мәселелерді жою, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.