Бүгін Қазақстанда ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтуде. Биыл теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта – Теңге айналымға енгізілді.
Ұлттық валюта тәуелсіздіктің ажырамас атрибуты және мемлекеттің ақша жүйесінің негізі болып табылады. Айта кетейік, бүгін Алматы қаласында болып өткен Қазақстан қаржыгерлерінің ХI Конгресінде Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын таныстырды. Банкноттар «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.
Біздің теңгеміз қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, одан әрі нығая берсін! Бүгін өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтетін қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтаймыз! Сіздерге табыс, жемісті еңбек, жетістіктер тілейміз!