06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Үздіктер марапатталды

Жақында салтанатпен аталып өткен Республика күні және Ақтау қаласының 60 жылдығы мерекелеріне орай «МАЭК» ЖШС-нің бірқатар қызметкерлеріне марапаттар табысталды.


Кәсіпорында 26 жыл еңбек еткен Орталық диспетчерлік қызметтің 1 санаттағы есептеу және режім жөніндегі инженері Ольга Козева Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Достық үйінде» өткен мерекелік жиында «Русское землячество» этномәдени бірлестігінің төрағасы ретінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен, ал қала әкімшілігінде өткен жиында Ақтау қаласының 60 жылдығына арналған медальмен марапатталды.


Ал комбинатта 43 жыл еңбек еткен, ұжымдағы «AMANAT» партиясының хатшысы міндетін бірнеше жыл атқарған, кәсіпорындағы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айман Өтековаға партияның Ақтау қаласындағы филиалында қаламыздың 60 жылдығына арналған юбилейлік медаль салтанатты түрде тапсырылды.


Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!