15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

«МАЭК» ЖШС-нде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі осы жылдың 15 маусымында өз жұмысын бастады. Қызметтің мақсаты Серіктестіктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады. Комплаенс-қызметтің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысының алдын алу, жеке және заңды тұлғалардың заңнамаға қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша өтініштерін қарау, кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Қызмет басшысы Мұхит Балхожаев бастаған мамандар кәсіпорын бөлімшелерін аралап, жаңадан құрылған комплаенс-қызметінің жұмысымен таныстырып, ұжым мүшелерін кез-келген жемқорлық іс-әрекетті болдырмауға, оның алдын алуға атсалысуға шақырып, кездесулер өткізуде. Кезекті осындай кездесу комбинаттың Күрделі құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстары басқармасының ұжымымен болып өтті.

Басқарма қызметкерлеріне жемқорлық көрініс табатын бірнеше мысалдар баяндалды. Олардың ішінде, басшылардың пара алып, жұмысшылардың санаттарын негізсіз өсіруі, қызметкердің жұмысқа шықпауын жасыру, туыстық қатынастарға байланысты қызметкерлер арасындағы ерекше қарым-қатынас және қандай да бір қызмет үшін бопсалау немесе пайда табу, адамдарды тиісті біліктілігінсіз жұмысқа орналастыру, лауазымын жоғарылатқаны үшін ақшалай сыйақы алу, сонымен бірге тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді алдын-ала таңдалған жеткізушілермен сатып алу т.б. фактілері бар.

Қазірде кәсіпорын қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың кез келген мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны (564-266) іске қосылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын бұзушылықтар болса Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне тікелей жүгіне алады. Келіп түскен шағымдар бойынша қызмет мамандары құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті іс-шаралар жүргізеді. Шағыммен жүгінген қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде құпиялылыққа және қудалаудан қорғауға кепілдік беріледі.15:15