06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіподақ мүшелерімен кездесу

Кәсіпорын басшылары комбинат  қызметкерлері өкілдерімен және кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.  Кездесуде  ұжым мүшелері еңбек жағдайы, жұмыс киімдерінің сапасы, жұмыс орындарын қайта аттестаттау, жұмыскерлердің зиянды жағдайларда  нақты болған  уақытына қарай төлем жасау, айлық жалақыны көтеру, оларды әлеуметтік жағынан қолдау тақырыбындағы біраз мәселелерді талқыға салды.

Жиылысқа қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға департаменттер мен қызмет басшылары толық жауап беріп, кейбір мәселелердің шешу жолдарын баяндады. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарына алдағы уақытта туындаған проблемалық мәселелердің, сұрақтардың тізімін жасақтап, басшылықтың назарына тұрақты түрде ұсынып, оларды шешу бойынша бірлескен жұмысқа белсенді қатысуға кеңес берілді.

«МАЭК» ЖШС басшылығы 2022 және 2023 жылдары кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін арттыруға, оның ішінде бұған дейін шешілмеген еңбек қатынастары бойынша  бірқатар жұмыстар жүргізді. Олардың ішінде, жалақыны көтеру, сауықтыруға қаражат бөлу, зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктерді қарастыру және тағы басқалар бар.

Кездесу қорытындысымен департаменттердің, қызметтердің басшыларына және кәсіподақ төрағаларына бас қосуда талқыланған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.