МАЭК волейболшылары «Әуесқойлар кубогының» иегері

Кәсіпорынның «МАЭК» ерлер волейбол командасы волейболдан өткізілген ашық турнирде Маңғыстау облысының «Әуесқойлар Кубогының» иегері атанды.

Финалда маэковтіктер «Батыс» командасының өкілдерін 2:0 есебімен жеңді. Ал «Шайыр» командасы турнирдің  қола жүлдегері атанды.

Жарысқа жүлдегерлерден басқа «Demokrat group» «Шетпе», «Mebel_Lux», «Мұнайлы», «Мұнай құбыршы», «Жаңа өзен» және «Қарақия» командалары қатысты.

Маңғыстау облысының волейболдан ерлер командалары арасындағы «Әуесқойлар Кубогы-2023» ашық турнирі 16 және 17 қыркүйек күндері Мұнайлы ауданының «Бесшоқы» спорт кешенінде өткізілді. Спорттық жарыс Ақтау қаласының 60 жылдық мерейтойына арналды.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz