26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында МАЭК-тің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты

Премьер-Министрге «МАЭК» ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев кәсіпорынның ағымдағы дайындығы және оны одан әрі жаңғырту жоспарлары туралы баяндады. МАЭК – біртұтас энергетикалық және су өндіруші кешен, оның негізгі міндеті – Маңғыстау және Атырау (ішінара) облыстарын электр энергиясымен, ал, Ақтау қаласын жылу энергиясымен, ауызсумен, ыстық және техникалық сумен қамтамасыз ету. Мұндағы төтенше жағдайларға алып келіп отырған негізгі құрал-жабдықтардың тозуы 80%-дан асады.

Биыл кәсіпорынның өз қаражаты есебінен турбоагрегаттарға, қазандық агрегаттарына және қосалқы жабдықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әбден тозығы жеткен құрылғыларды ауыстыру үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен 2,6 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жаңа жабдықтар мен қосалқы бөлшектер сатып алуға ҚР Үкіметінің резервінен тағы 4,9 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жабдықтарды жеткізушілермен келісім-шарттар жасалды, олар осы жылдың қараша-желтоқсан айларында жеткізіледі.

Әлихан Смайыловқа ЖЭО жабдығының едәуір тозуына байланысты 2024 жылы №3 энергоблокты ішінара жаңғырту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланғаны туралы баяндалды. Сондай-ақ 2025 жылы №2 энергоблокты және 2026 жылы №1 энергоблокты толық жаңғырту арқылы күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жылу электр орталығының бас ғимаратындағы аяқталмаған құрылыс алаңында №4 энергоблок салу жоспарланып отыр. Құрылыс алаңына барлық қажетті инженерлік коммуникациялар тартылған. Іске асыру мерзімі – 2027 жылдың 4-ші тоқсаны. Жалпы, қолданыстағы энергоблоктарды жаңғырту және жаңаларын салу есебінен генерация тұтастай алғанда 420 МВт-қа артады деп күтілуде.

Бұл ретте, екі су жылыту қазандығының құрылысы мен 1-ЖЭО-дегі №7 қазандық агрегатын, сондай-ақ №10 қазандық агрегатын жаңғырту және 2-ЖЭО-дағы №7 турбоагрегатты конденсаторлық турбинаға ауыстыра отырып қайта жаңарту сынды жобалар бойынша қазіргі таңда техникалық құжаттар дайындалып, Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Премьер-Министр апатты жағдайдағы жабдықты ауыстыру комбинаттың техникалық жағдайын жақсартып, жұмыс қабілетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Яғни, генерациялық қуат көздерінің өшіп қалуы және тұтынушылар үшін шектеулерді енгізу сияқты тәуекелдер барынша азаяды.

«Облыс әкімдігі жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын бақылауды қамтамасыз етуі қажет», — деді ол.