06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Комбинат ардагерлері МАЭК-те қонақта

Кәсіпорында «МАЭК» ЖШС ардагерлер кеңесі ұйымдастырған комбинат ардагерлерінің энергокешен басшылығымен алғашқы кездесуі болып өтті.

Комбинаттың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі, жаңалықтары мен өзгерістері және жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы қонақтарға кәсіпорынның бас директоры Жасұлан Сүйінчалиев әңгімеледі. Ол алдыменен ардагерлерге кәсіпорында ұзақ жылдар адал еңбек еткендері үшін жүрекжарды алғысын жеткізді.

Кездесу барысында қадірлі ардагерлеріміздің өздері қызмет жасаған сүйікті комбинатын ұмытпай, кәсіпорынның жаңалықтарын мұқият қадағалап отыратынын байқадық. Ардагерлер өңірдің энергия және су өндіру кешенін одан әрі дамыту туралы ақыл-кеңестерімен бөлісіп, өз пікірлерін ұсынды.

Өзара жылы әңгімемен өрбіген басқосуда ардагерлер өздеріне ұсынылған ыстық шайды іше отырып, кәсіпорын өмірінде, еңбек жолында болған естеліктермен бөлісті.