26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Спортшылар жүлдемен оралды

    «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ ХІХ спартакиадасының қорытындысы бойынша МАЭК командасы 36 орын алып, жалпы командалық II жүлдеге ие болды. Осылайша, олар «ЮГХК» ЖШС-нен 30 орынға озды, бірақ «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-на 21 орынға жол берді.
     Комбинат спортшылары барлығы 21 медаль алды(4 алтын, 5 күміс, 12 қола). 
Кеше Шымкент қаласының орталық стадионында кәсіпорын басшыларының қатысуымен футбол ойынынан жолдастық кездесу өтті. Одан кейін «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның ХІХ спартакиадасының жеңімпаздары марапатталды.
     Ұйымдастырушылар жарыстың үздік ойыншыларын атап өтті.
Олардың қатарында мини-футболдан турнирдің «үздік бомбардирі» атанған комбинаттың футбол командасының шабуылшысы Мейрам Ешжанов, баскетбол бойынша МАЭК командасының ойыншысы Сергей Сергеенко бар.
     МАЭК командасының спортшылары бұл Спартакиадада қуанышты да, көңілсіз  сәттерді бастан өткізді. Жарақат алғандар да жоқ емес. Баскетбол командасының капитаны Валид Сұлтанов және футбол қақпашысы Евгений Медовской ойын кезінде жарақат алып, одан арғы ойындарға  қатыса алмады. 
Дегенмен, энергокомбинаттың өкілдері басқа да спорт түрлерінде лайықты ойындарымен көзге түсіп,  көрермендердің  ризалығына бөленді.
     Спартакиаданың барлық қатысушыларын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңімпаздар тұғырынан түспей, жетістіктерге жете беріңіз демекпіз.
 
                                                                      Аударма: Гүлбаршын Байназарова
 
 Серебряные призеры
 
    По итогам XIХ Спартакиады АО «НАК «Казатомпром» команда МАЭК завоевала II общекомандное место, набрав в сумме 36 мест. Таким образом, она опередила ТОО «ЮГХК» на 30 мест, но уступила АО «УМЗ» 21 место.
    Всего же спортсмены комбината получили 21 медаль (4 золотых, 5 серебряных, 12 бронзовых). 
    Вчера на Центральном стадионе Шымкента прошел футбольный матч с участием руководителей предприятий, а после состоялось награждение победителей ежегодных состязаний среди работников группы компаний.
      Организаторы отметили лучших игроков  соревнований, среди которых двое маэковцев. В их числе нападающий футбольной команды комбината Мейрам Ешжанов, ставший также «Лучшим бомбардиром» турнира по мини-футболу и разыгрывающий команды МАЭК по баскетболу Сергей Сергеенко. 
   Команда МАЭК на этой Спартакиаде пережила как радостные, так и болезненные моменты. Капитан баскетбольной команды Валид Султанов во время игры получил повреждение и не смог продолжить участие в играх. Травму ноги получил и футбольный вратарь Евгений Медовской.
    Невзирая ни на что, представители энергокомбината смогли достойно отыграть остальные матчи и доставить любителям спорта массу удовольствия.
       Поздравляем всех участников Спартакиады! Желаем дальнейших достижений и высоких побед!
                                                                                     
       Саида Себепбаева