Ағымдағы жылдың 7-9 қараша аралығында Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» тақырыбында IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл жөнінде алғашқы конференция 2000 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бастамасымен өткізілген еді. Биылғы кезекті IX ХҒПК-2019 бас қосудың ұйымдастырушысы тағы да Ұлттық атом компаниясы болды, ал операторы «Волковгеология» АҚ.

Бұл конференцияның басты міндеті - Қазақстан мен басқа елдердің атом саласы кәсіпорындарын тұрақты дамыту мақсатына бағытталған өзекті ғылыми-технологиялық міндеттерді талқылау және оларды шешу жолында халықаралық ғылыми қоғамдастықтар мен  заманауи материалдарды, техника мен жабдықтарды өндірушілерге мүмкіндіктер туғызу болып табылады.

IX ХҒПК-2019 жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, алыс шет елдерден: Франция, Германия, АҚШ, Жапония және басқа елдерден 250-ден астам өкілдер қатысты. Сондай-ақ, осы конференцияға «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС БН-350 РҚ радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу бөлімінің басшысы Виктор Данилов қатысты. Ол жиналғандар алдында «БН-350 РҚ пайдаланудан шығару кезеңіндегі радиациялық қауіпсіздік, 1999 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде сұйық радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу» тақырыбында баяндама жасады.

Биылғы жылы IX ХҒПК-2019 алаңдарында атом саласындағы инновациялар, атап айтқанда уран өнеркәсібі мәселелері талқыланды. Соның ішінде: уран минералдық-шикізат базасын кеңейту және нығайту, оны болжау мен барлаудың заманауи әдістері; уранды жер астында шаймалау технологиясының тиімділігі мен қарқындылығын арттырудың өзекті мәселелері; реакторға дейінгі ядролық-отын циклінің технологиялары мен өзекті мәселелері – конверсия, байыту, ядролық отын өндірісі; сирек кездесетін металдар мен олардың негізінде жоғары технологиялық өнімдер өндірісінің тиімді технологиясы мен  ресурстары; атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару; атом өнеркәсібіндегі энергия және ресурс үнемдеудің өзекті мәселелері және атом өнеркәсібінде сандық технологияларды қолдану; атом саласы қызметінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері кеңінен сөз болды.

Осы іс-шара аясында «ҮМЗ» АҚ ЯТО және РМ ғылыми орталығы. Мүмкіндіктері және болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар IX ХҒПК-2019 секциялары бойынша стендтік баяндамалар ұсынылды.

                                                «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС                                                                                                                                              баспасөз қызметі

******************************************************************************************************

C 7 по 9 ноября текущего года состоялась в городе Алматы IX Международная научно-практическая конференция по теме «Актуальные проблемы урановой промышленности». Первая конференция была проведена в 2000 году по инициативе АО «НАК «Казатомпром», который также выступает организатором проведения очередной IX МНПК-2019, а оператором является АО «Волковгеология».

Главная задача этой конференции - предоставление возможностей международным научным сообществам и производителям передовых материалов, техники и оборудования для обсуждения актуальных научно-технологических задач и их решения в целях устойчивого развития предприятий атомной отрасли Казахстана и других стран.

В работе IX МНПК-2019 приняли участие более 250 предстваителей из Казахстана, России, Кыргызстана, Украины, стран дальнего зарубежья: Франции, Германии, США, Японии и других стран. Также в конференции участвовал начальник ОПРО РУ БН-350 ТОО «МАЭК-Казатомпром» Виктор Данилов с докладом «Радиационная безопасность на этапе вывода из эксплуатации РУ БН-350, обращение с ЖРО в период с 1999 по 2019 год».

В этом году на площадках IX МНПК-2019 обсуждались вопросы инноваций в атомной отрасли, в частности, урановой промышленности, такие как: расширение и укрепление урановой минерально-сырьевой базы, современных методов ее прогнозирования и разведки; актуальные вопросы повышения эффективности и интенсификации технологии подземного выщелачивания урана;  технологии и актуальные проблемы дореакторного ядерно-топливного цикла – конверсия, обогащение, производство ядерного топлива; ресурсы и эффективные технологии производства редких, редкоземельных металлов и высокотехнологичной продукции на их основе; безопасное функционирование предприятий атомной отрасли и управление техногенными отходами; актуальные вопросы энерго-и ресурсосбережения в атомной промышленности и применение цифровых технологий в атомной промышленности; правовые, макроэкономические и образовательные аспекты функционирования атомной отрасли.

В рамках этого мероприятия был проведен Круглый стол "Научный Центр ЯТЦ и РМ АО "УМЗ".Возможности и перспективы". Также были представлены стендовые доклады по секциям ІХ МНПК-2019.

       Пресс-служба ТОО "МАЭК-Казатомпром"

 

          

           Жақында «МАЭК – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының м.а. Игорь Чернецкийдің қатысуымен «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің кәсіпорында жүргізген профилактикалық бақылау және қадағалау  қорытындылары бойынша мәжіліс өткізілді.

Жиналысқа өндірістік қызметті жүзеге асыратын негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Адам ресурстарын басқару департаменті және Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі, алдын-алу қызметінің мамандары қатысты.

Тексеру қорытындысын баяндаған мемлекеттік еңбек инспекторы Тимур Идирисов комбинатта еңбек қауіпсіздігі және еңбек қатынастары бойынша  Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзудың бірқатар  фактісі анықталғандығын әңгімеледі.

Бұдан әрі Тимур Ғазизұлы кәсіпорын басшылығы тарапынан қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің барлық нормалары мен ережелерін сақтауына бақылаудың күшейтілуі қажеттігін ескертті. Қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдану, барлық қажетті жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, түрлі жөндеу жұмыстарын орындау барысында наряд-рұқсат беру жүйесінің талаптарын сақтау қажеттігін атап айтты.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан орын алған олқылықтарды жою туралы берілген екі ұйғарым орындалуға қабылданды.

 

ЕҚжҚ АҚ бастығы

Алексей Таушканов

 

Трудовая инспекция на комбинате

Недавно при и.о. генерального директора ТОО «МАЭК - Казатомпром» Игоре Чернецком прошло открытое совещание по итогам профилактического контроля и надзора предприятия ГУ «Управление государственной испекции труда Мангистауской области».

На совещании присутствовали руководители основных структурных подразделений, осуществляющих производственную деятельность, специалисты ДУЧР и СПБ и ОТ.

Итоги проверки огласил государственный инспектор труда Тимур Идрисов.

Он отметил, что в ходе проверки выявлено ряд  нарушений Трудового законодательства РК, в области безопасности труда и трудовых отношений.

Далее Тимур Газизович указал на необходимость усиления контроля со стороны руководства предприятия за соблюдением работниками всех норм и правил безопасности труда, а именно применение безопасных приёмов труда, использование всех необходимых средств индивидуальной защиты, соблюдение требований нарядно-допускной системы при выполнении всех видов ремонта.

Государственной инспекцией труда выданы два предписания об устранении нарушений, которые были приняты к исполнению. 

 

Алексей Таушканов,

начальник СПБиОТ

                                                                                                                                                                                                               

 

       

        Жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде Дүниежүзілік Сапа күні атап өтіледі. Алғаш рет бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Еуропалық сапа ұйымының бастамасымен 1989 жылы өтті. Елімізде бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-конкурсын жыл сайын өткізу туралы 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығы шыққан күннен бастап мерекеленуде.

        Осы атаулы күн қарсаңында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тығыз ынтымақтастықта қызмет істеп жүрген «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы комбинат қызметкерлерін құттықтап, олардың жоғары кәсібилігі, адалдығы және Қазақстанда сапа идеяларын ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін алғыс хат табыс етті. Марапатталғандар қатарында:

- Сапа менеджмент жүйесі жөніндегі жетекші маман - Елизавета Лагай;

- Сапа менеджмент жүйесі жөніндегі маман - Марина Арутюнян;

- ДӨжӨЖСЖЗ 1 санатты стандарттау жөніндегі инженер - Екатерина Нагибина;

- ДӨжӨЖСЖЗ пайдалану жөніндегі бас инженердің орынбасары - Юрий Алексеенко;

- ДӨжӨЖСЖЗ зертхана бастығы - Галина Мануилиди;

- Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы - Ольга Маркина.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

баспасөз қызметі

**************************************************************************************************************

       Всемирный день качества ежегодно отмечается во второй четверг ноября. Впервые он был отмечен в 1989 году, инициатором этого дня стала Европейская организация качества при поддержке Организации Объединенных Наций. В Республике Казахстан этот день начали отмечать с опубликованием Указа Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года №194 о ежегодном проведении конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан «Алтын сапа» и республиканском конкурсе-выставке «Лучший товар Казахстана».

           В преддверии праздника Западно-Казахстанский филиал АО «Национальный центр экспертизы и сертификации», с которым тесно сотрудничает ТОО «МАЭК-Казатомпром», поздравил работников комбината и вручил благодарственное письмо следующим специалистам за их высокий профессионализм, приверженность и большой вклад в продвижение идей Качества в Казахстане:

- Ведущий специалист по системе менеджмента качеств - Елизавета Лагай;

- Специалист по системе менеджмента качества - Марина Арутюнян;

- Инженер по стандартизации 1 категории ЗПДиПТВС - Екатерина Нагибина;

- Заместитель главного инженера по эксплуатации ЗПДиПТВС - Юрий Алексеенко;

- Начальник лаборатории ЗПДиПТВС - Галина Мануилиди;

- Начальник отдела охраны окружающей среды - Ольга Маркина.

Пресс-служба

ТОО «МАЭК-Казатомпром»

logo.png
МАЭК-Казатомпром
Сделаем мир светлее!

АДРЕС

ТОО "МАЭК-Казатомпром" Мангистауская область, г.Актау, Промзона 7, здание 65
e-mail: maek@maek.kz

Search