22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Маңғыстауға алғашқы жұмыс сапары барысында өңірдегі тіршілік ресурстарын өндіруші маңызды кәсіпорын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де болды.
Кездесу барысында Энергетика министрі өнеркәсіптік тұтынушылар үшін электр және жылу энергиясын өндіру және дистиллят дайындау үшін 10 турбоагрегат және 13 қазандық агрегат орнатылған ЖЭО-2 қызметімен және БН-350 жылдам нейтронды өнеркәсіптік реакторын пайдаланудан шығару жұмыстары барысымен танысты.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры Талғат Есентүгелов кәсіпорын өндірісінің бүгінгі жағдайы және іске асырылып жатқан инвестициялық бағдарламалардың орындалысы туралы баяндады.
Сапар қорытындысы бойынша министр «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басшылығына тиісті тапсырмалар берді.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі