26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС: кәсіпорынның жұмыстан шеттетілген қызметкерлерімен келіссөздер жүргізілуде

 

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 6 қыркүйекте күшіне енген 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысындағы тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары...)  covid-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерінің (соңғы үш ай ішінде Covid-19-бен ауырып жазылған және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) жұмысқа кіруін шектеуді талап ететін тарауына сәйкес жұмыс істеуде.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бүкіл өңір үшін энергия ресурстары мен су өндіру жөніндегі стратегиялық маңызды объект болып табылады. Осыған байланысты, кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпті ауруды жұқтыру қаупі халықты электр энергиясымен, сумен және жылумен қамтамасыз ету қызметінің тоқтап қалу қаупіне әкеп соғуы мүмкін.

Вакцинациядан өтпеген және теріс нәтижелі ПТР-тест қорытындысын әкелмегені үшін жұмыс орнына жіберілмеген 70-ке жуық қызметкерлер жұмысқа кіруді шектеумен келіспей өз пікірін білдіру үшін кәсіпорын аумағына жиналды.

Қазірде келіссөздер қорытындысы бойынша жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оның шеңберінде даулы мәселелерді шешу жолдары іздестірілетін болады.

 

                                                          «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі