Хабарландыру

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 13-17 қыркүйек аралығында «КЖСА» МКК-мен бірлесіп Ақтау қаласының жылу желілері құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақтар өткізуіне байланысты ыстық сумен жабдықтауды уақытша тоқтатады.

Гидравликалық сынақтар аяқталғаннан кейін 18 қыркүйектен бастап абоненттерге ыстық су беру жылу маусымына дейінгі жобада көзделген схема бойынша қайта басталады.

Ақтау қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосу жергілікті атқарушы органдардың өкімі бойынша жүзеге асырылатын болады.

                                                                                  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС