19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК карантин жағдайында

          2020 адамзатқа үлкен қиындықтарымен келген ауырлау жыл болды. Жер бетін жайлаған жұқпалы індет жаһандық экономикалық дағдарыс қаупін туғызып, әлеуметтік ахуал да күрделене түсті. Біздің елімізде де көптеген компаниялар жұмыстарын тоқтатуға, жұмысшылар санын азайтуға немесе қашықтан жұмыс режиміне ауысуға мәжбүр болды, қаржылық шығындар да орын алуда. Облысымыздағы бірден-бір тіршілік ресурстарын өндіруші кәсіпорын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС осындай қиын кезеңдегі жағдайы қалай? Коронавирустық инфекцияның алдын алу және оның таралмауы үшін комбинатта қандай шаралар қабылдануда? Осы және басқа да сұрақтарға Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – кәсіпорынның бас инженері Игорь Петрович Чернецкий жауап берді.

 408EA0B8 3C24 4976 BE35 94C55F662B77

              Игорь Петрович, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС карантин жағдайында қалай жұмыс істеуде? Комбинаттың 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы  қызметі туралы не айтуға болады, өндірістік жоспарларды  уақытылы  орындау мүмкін болды ма?

       «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-гі облысты тыныс-тіршілікке қажетті  барлық ресурстармен қамтамасыз ететін негізгі объект. Сондықтан төтенше жағдай кезінде де, карантин кезінде де біздің кәсіпорынның қызметі тоқтаған жоқ. Бірақ жалпы аймақтық шектеу шараларының әсерінен комбинат қызметін толық қамтамасыз етуде белгілі бір қиындықтар болды. Барлық деңгейдегі кәсіпорын басшыларының алдында тұрған басты міндет - арнайы бекітілген санитарлық-гигиеналық  талаптарды орындау үшін персоналдың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Бұл мәселе әрине, үнемі біздің басты назарымызда, бақылауымызда.

          Бүгінгі таңда объектішілік байланыстарды азайту мақсатында кеңседен тыс жерде өз функционалдық міндеттерін орындауға мүмкіндігі бар кәсіпорынның 250-ден астам қызметкері қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылды. Жедел персоналды резервпен қамтамасыз ету үшін 105 адамнан тұратын қайталанатын ауысым құрылды.

           Ауырғандардың көп болуына байланысты жұмыстағы персоналға жүктеме айтарлықтай көбейді. Сондықтан, қазіргідей қиын кезеңде біздің кәсіпорынға жүктелген миссияны терең түсініп және оған үлкен жауапкершілікпен қарағаны үшін біздің жұмысшы, қызметкерлерімізге алғысымыз шексіз. Ұжымның бірлігі, ұйымшылдығы арқасында аймақ үшін ең басты энергия ресурстарды өндіруде, су, жылу өндірісінде  шектеу де, үзіліс те болған жоқ.

         

              Әрине, карантин шаралары біздің контрагент-тұтынушылардың экономикалық жағдайына теріс әсер еткені байқалады. Мамырдан бастап электр энергиясын тұтыну көлемі төмендеген. Керісінше, осы жазда ауыз суды тұтыну көлемі айтарлықтай өсті. Жалпы, бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша біздің кәсіпорын барлық өнім түрлерін өндіру жоспарын орындады. Алдағы айларда да осындай нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.        

             Коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатында кәсіпорында Сіздің басшылығыңызбен жедел штаб құрылды. Кәсіпорындағы жағдай туралы не айта аласыз, қандай шаралар қабылданды? Қызметкерлердің денсаулық жағдайы қандай?

            Біздің кәсіпорында профилактикалық жұмыс  үстіміздегі жылдың  5 наурызында коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар туралы алғашқы ұйымдастыру және әкімшілік құжат шығарылған күннен басталды. Кейіннен қажетті күш пен құралдарды жинақтап, эпидемияға қарсы іс-шаралардың жұмысын үйлестіру үшін 18 наурызда №218 бұйрықпен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің жедел штабы құрылды. Штаб құрамына еңбек қорғау және санитарлық-эпидемиялық жағдайды, өндірістік кешеннің сенімді жұмысын, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қауіпсіздікті, медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты басшылар енгізілді. Сол күннен бастап жедел штабтың шешімімен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бөлімшелерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар айқындалып, қолданысқа енгізілді. Кәсіпорынның тыныс-тіршілігін және автокөліктердің дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін режимдік объектілерді қорғауды күшейту басты назарға алынды. Барлық әкімшілік, санитарлық-тұрмыстық және қызметтік үй-жайлардың санитарлық-дезинфекциялық режимі күшейтілді, автобустар мен қызметтік көлікті күн сайын дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізілуде. Жалпы барлық жұмыс орындары, кіреберістердегі өту орындары, ғимараттардың дәліздері гигиеналық және дезинфекциялау құралдарымен жабдықталған. Жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекциялық құралдар қоры жасақталып, үнемі толықтырылып отырады. Кәсіпорын аумағында адамдар куөп жиналатын жерлерде бетперде режимі енгізілді, әлеуметтік қашықтық сақталады, өту жолдары арқылы өту кезінде қызметкерлердің дене температурасына бақылау жүргізіледі.

Бұл біздің қызметкерлеріміздің дертті жұқтыру қаупі толық жойылғанға дейін орындалатын негізгі іс-шаралар кешені.

             Кәсіпорынға осы індеттің таралуының алдын алуға байланысты республикалық және өңірлік деңгейдегі көптеген ұйымдастырушылық құжаттар, салалық нұсқаулар келіп түсуде. Онда қойылған талаптарды жедел орындау мақсатында келген құжаттар персоналға жазбаша танысу жолымен немесе кезектен тыс нұсқамалар өткізу арқылы жеткізілуде.

           Біздің кәсіпорында коронавирустық инфекциямен ауырғаны зертханалық жолмен расталған алғашқы қызметкер 1 маусымда анықталды. Жалпы осы вирусты жұқтырып, ауырғандар саны  6 адам болды. Олардың 5-і сауығып, 1-і әлі емделуде. Осы аталған  жағдайлардың әрқайсысында комбинаттың тиісті қызметтері белгіленген регламент бойынша  эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді, байланыста болған адамдар анықталып, карантинге оқшауланды. Осындай жедел шараларды дер кезінде жүзеге асырғандықтан еңбек ұжымында инфекцияның таралуына жол бермеуге мүмкіндік туды.

                 Сонымен бірге, маусымның ортасынан бастап аймақта коронавирустық инфекцияның бары анықталмайтын  пневмониямен ауырғандардың саны күрт өскенін бәріміз білеміз. Дәл осы ауыр әрі қауіпті ауру көптеген адамдардың, соның ішінде біздің әріптестеріміздің өліміне әкелді. Маусым айының соңына қарай біздің кәсіпорында ЖРВИ-мен ауыратындардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 3 есе көп болды. Айта кету керек, қазір біздің қызметкерлердің сырқаттанушылық деңгейі тұрақты түрде төмендеп, орташа деңгейге жақындауда. Бірақ бұл жайбарақат болуға себеп болмау керек. Өйткені,  коронавирус ешқайда кеткен жоқ, ол әлі бар және аса қауіпті. Сондықтан, біз көптен қалыптасқан қорғаныс шараларын, қашықтықты сақтап, бетперде, сабын, антисептикті қолдануды тоқтатпауымыз керек.

                 Жаздың басынан бастап бізге жоғарғы қабаттардың тұрғындары ауыз судың пәтерлерге жетпейтіні немесе мүлдем жоқ екендігі туралы сұрақтармен жиі хабарласты. Бұл жағдайлар қандай себептерден туындады?

                 Ақтау қаласының сумен жабдықтау жүйесінде біздің кәсіпорын су өндіру және оны ОСЖТ-2 және ОСЖТ-3-тен тарату желілеріне жеткізуге жауапты. Суды тұтынушыларға дейін тасымалдауды негізінен «КЖСА» МКК жүзеге асырады. Ал одан әрі үйішілік, объектішілік желілерге ПИК және басқа да пайдаланушы компаниялар жауапты болады.

                 Қаламыз күннен күнге өсіп, дамып, ауыз суды тұтыну көлемі артып келеді. Маусым айынан бастап «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС суды барынша көп мөлшерде өндіруде, бірақ көріп отырғанымыздай, жаздың басында ол кейбір биік үйлердің жоғарғы қабаттарында жетіспеді. Себебі, тасымалдаушылардың қолда бар су көлемін ұтымды таратуға мүмкіндік беретін оңтайлы гидравликалық схемасын бірден анықтай алмауы болды.

          Қазір бұл мәселе өз  шешімін тапты, бірақ қаламызға қосымша су өндіру қуаттары қажет екені анық. Меніңше, «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту жөніндегі ұзаққа созылған жобаны іске асыруды жеделдету қажет.

Игорь Петрович! Сұрақтарымызға толық жауап беріп, уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет!