15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мемлекеттік тілді білу парыз

Кәсіпорындағы мемлекеттік тілді үйрену сабақтары биыл  5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні басталды. Көпұлтты ұжымда қазақ тілін үйрену курстары жұмыс істей бастағанына биыл 25 жылға жуықтады. Жыл сайын жаңа оқу жылында басталып мамыр айының аяғына дейін созылатын тіл үйрену сабақтары комбинаттың барлық бөлімшелерінде өткізіледі.

«Осы оқу жылында  комбинат бойынша 12 оқу тобы құрылып, жұмыс істей бастады.  Оның 4-уі бастауыш топ, ал қалғандары жалғастырып оқу тобы. Сабақ 210 ғимаратта орналасқан Қазақ тілі кабинетінде және бөлімшелердің оқу бөлмелерінде өткізілуде.  Қатысушылардың  қазақ тілін үйренуге деген ынтасы ерекше деуге болады. Өткен жылдардан бері сабақ жібермей, белсенді қатысып жүрген оқушылардың біразы кәдімгідей «тіл сындырып» қалды десе болады.  А.Проскурина, Е.Яралиева, О.Козева, Г.Головина, С.Крюкова, О.Сазонова, О.Кривошеева, Г.Середнюк, Р.Самирханов, Д.Волков, А.Белозерова,  Н.Пискун сияқты белсенді оқушыларым биылғы оқу жылында да білімдерін шыңдауда», - дейді қазақ тілін оқытушы маман Айсұлу Қызылтай.

Мемлекеттік тілді білу әрқайсымыздың парызымыз. Осынау қасиетті борышын терең түсініп,  қазақ тілін меңгерем деген жанға кәсіпорында тілді тегін оқып, үйренуге мүмкіндіктер жасалған. Күнделікті қызмет барысында қазақ тіліне деген қажеттілік артқан сайын тіл үйренушілер қатары да көбейіп келеді.