Бүгін МАЭКке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәди Такиев, Самат Мұсабаев, Әділ Жұбанов, Мұрат Еркешбаев, Мархабат Жайымбетов, Ерлан Стамбеков келді. Халық қалаулылары кәсіпорынның алдағы 2023-2024 жылдың жылу маусымына дайындық барысымен танысты.
«МАЭК» ЖШС Бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев қонақтарды энергетикалық кәсіпорынның бүгінгі жағдайымен таныстырып, облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінген қаражат шеңберінде қабылданып жатқан қысқа мерзімді шаралар, кәсіпорынды жаңғырту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективалық жұмыстар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, энергокомбинат басшысы биыл кәсіпорында жаңа су тұшыту қондырғыларын салу және жұмыс істеп тұрған су тұшыту қондырғыларының өнімділігін арттыру бойынша жұмыстар басталғаны туралы хабардар етті.
«МАЭК» ЖШС тұрғындарды барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін бірден-бір кәсіпорын болғандықтан жылу маусымына дайындық мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді.