17.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мектепке жол

Жадыраған жаздың соңғы айы да, балалардың жазғы демалысы да аяқталып, қоңыр күз келіп жетті. Сүйікті мектебіне оралған оқушылар ұстаздарымен, достарымен сағына қауышып, білім нәрімен сусындауға кірісті.

Жыл сайын қыркүйек айы қарсаңында елімізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Оның негізгі мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасыларындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетіп, көмек қолын созу болып табылады. Дегенмен, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподақ» Қоғамдық бірлестігі кәсіподақ мүшелерінің отбасы жағдайына қарамай-ақ, білім әлеміне алғаш аттанғалы тұрған барлық бүлдіршіндерге сыйлық жасауды дәстүрге айналдырған. Осы жылы 63 бірінші сынып оқушысына ішінде 21 түрлі оқу құралдары салынған сөмкелер табысталды. 

«Ата-ана баласының мектеп үлгісіндегі жаңа киімдері мен сөмкесіне, дәптерлері мен қалам-қарындаштары, бояулар мен альбомдарын сатып алуға көп қаражат пен уақыт жұмсайтыны анық. Ал осы қажетті құралдардың барлығын баласы бірінші сыныпқа баратын кәсіподақ мүшелеріне жыл сайын толықтай алып беруге тырасамыз. Өйткені, бұлардың да бағалары қатты қымбаттаған, біздің берген сыйлығымыз ата-аналарға кәдімгідей көмек болады деп ойлаймын», -дейді кәсіподақ жетекшісі Мұрат Ізбаев.