Ақтау қаласында «Бизнес пен квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру» бойынша комплаенс-офицерлер оқуы болып өтті. Оқуға қатысқандар қатарында «МАЭК» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің де бір топ қызметкерлері де бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі аясында бизнес өкілдері үшін бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық және ұлттық стандарттары, комплаенс жұмысын диагностикалау және сыртқы мониторингілеу құралдары, компаниялардағы мүдделер қақтығысын реттеу сияқты бағыттар қамтылды.
Қатысушылар сондай-ақ ұйымдағы сыбайлас жемқорлық және корпоративтік алаяқтық тәуекелдерін сәйкестендіру, due diligence, мүдделер қақтығысын реттеу және жалпы комплаенс-қызметтердің қызметі мәселелері бойынша жеке консультациялар алды.
Комплаенс мектебінің бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің өз міндеттерін іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және компаниялардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетуге көмектесу, жәрдемдесу және қолдау үшін арнайы әзірленген.
Ұйымдастырушылар квазимемлекеттік сектордағы адал қызметті қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс офицерлердің тиімді қызметі болып табылатынын атап өтті.
Комплаенс офицерлер оқуын «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы ұйымдастырды.