Ақтау қаласында 6 шілде күні қазақстандық футбол федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан футболының 110 жылдығына арналған "Футбол жолы" спорт фестивалі болып өтті.
3х3 форматында өткен
көше футболы турниріне қатысқан 16 команданың ішінде "МАЭК" командасы бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Команда Қазақстан футбол федерациясының бағалы сыйлықтарымен және медальдарымен марапатталды. МАЭК құрамасында, Орал Павиз (Қауіпсіздік қызметі), Ерболат Мухашов (Әкімшілік-шаруашылық қызметі) және Бауыржан Ерманов (БН-350 РҚ) өте шебер ойын көрсетіп, жанкүйерлердің қошаметіне бөленді.
"Футбол жолы" спорт және ойын-сауық фестивалі өңірлерге сапарын алғаш еліміздің оңтүстігінен, Шымкент қаласынан бастаған болатын. Өткен жексенбіде атаулы шара Ақтау қаласының теңіз жағалауында жалғасты. Осындай көңілді футбол кеші еліміздің 8 қаласында өткізілмек.
Жарыста алдына жан салмайтын МАЭК футболшыларын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!