Қадірлі «МАЭК» ЖШС ұжымы!
Сіздерді Маңғыстау энергетикалық комбинатының 55 жылдығы салтанатты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өңірдің қалыптасу және даму тарихында комбинаттың алар орны ерекше. Жарты ғасырдан астам тарихында кәсіпорын көптеген баға жетпес ғылыми және өндірістік тәжірибелерді жинақтай отырып, қалыптасу мен дамудың күрделі жолдарынан өтті.
Комбинат жылдар бойы облысты толықтай электр энергиясымен, қаланы барлық өмірлік ресурстармен үздіксіз жабдықтап келеді. Кәсіпорын аймақтың экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін сақтаумен қатар, өндірістік әлеуетінің өсуіне, тұрғындардың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына зор үлес қосуда.
Биыл комбинаттың жабдықтарын жаңартып, жаңғырту бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпорын ұжымының тәжірибелі мамандары осы бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға барынша күш салады деп сенемін. Өйткені, комбинатта өз кәсібін терең меңгерген жоғары деңгейлі әрі өз ісіне адал қызметкерлер еңбек етеді. Алдағы уақытта да кәсіпорын аймақтың экономикалық дамуында басты орын алатыны сөзсіз.
Комбинаттың мерейлі мерекесі күні сіздерге маңызды саладағы атқарған адал әрі қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Ұжымның алға қойған барша мақсаттары мен міндеттерінің орындалып, абырой биігінде болуына тілестеспін! Отбасыңыздың бақыты мен қуанышы, жақсылығы көп болсын!
Ізгі тілекпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев