25.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Маңғыстау облысы прокуратурасының кәсіпорынды кешенді тексеру қорытындысы

«МАЭК» ЖШС-де Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың басшылығымен Маңғыстау облысы прокуратурасының 2016-2022 жылдардағы кәсіпорын қызметін кешенді тексеру қорытындысы бойынша кеңес болып өтті.  

Кеңеске Маңғыстау облысының прокуроры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы, Экономикалық тергеу департаментінің басшысы және мемлекеттік ұйымдардың басқа да өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасады.

Жалпы, жүргізілген кешенді тексеру объективті түрде өтті, кәсіпорынның 6 жылдағы жұмысының нәтижелері тексерілді. Анықталған бұзушылықтардың көпшілігінің себебі - қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоспарлаудағы қателіктер. Сонымен қатар, басшылар тарапынан жіберілген кемшіліктер, олардың тарапынан болған әлсіз бақылаулардың салдары.

Кешенді тексеру уақтылы жүргізілді деуге болады. Өйткені, кәсіпорын үшін энергия кешенін жаңғырту жұмыстары басталған қарсаңда қызметтің әлсіз тұстарын ескеріп, бірінші кезекте қолға алыну қажет позицияларды нақтылау  тиімді болатыны сөзсіз.

 Барлық ұсынымдар өндірістік жоспарларда ескеріліп, тиісті қаржыландыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен бөлімше басшылары өндірістік жұмыстарға жауапкершілікпен қарап,  технологиялық бұзушылықтарға жол бермеуді басты назарда ұстайтын болады.