25.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК» жаңғырту: Нұрлан Ноғаев жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

  Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өткен жұмада «МАЭК» ЖШС-де болып,  жабдықтарды жөндеу, жаңғырту  жұмыстарының барысымен танысты. Өңір басшысы бастаған жұмыс тобымен бірге облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары келді.

  Өңір басшысы алдыменен Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылу, сумен жабдықтау зауытының (ДӨжӨЖСЖЗ)  ДТҚ-7 қондырғысындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.  ДӨжӨЖСЖЗ су тұшыту кешені жабдықтарының жалпы тозуы 73,5%, ДТҚ-7 тұшыту қондырғысының тозу деңгейі 78% құрайды, жобалық қуаты - тәулігіне 14 000 м3, қондырғының бүгінгі таңдағы өнімділігі тәулігіне 4180 м3-ке азайып, қуаттылығының 30% деңгейінде жұмыс істеп тұр.

  Қазіргі уақытта ДТҚ-7 қондырғысында буландырғыш аппараттың жылыту камерасының жылу алмасу түтіктерін ауыстыру жұмыстары аяқталды. Осыған ұқсас жұмыстар ДТҚ-11 қондырғысында да  аяқталды, қазіргі уақытта іске қосу операциялары жүргізілуде.

  ДТҚ-7,9,11 қондырғыларында түтіктерді ауыстыру олардың өнімділігін 4000 м3-ге дейін арттырады.

  Бұдан әрі облыс әкімі Нұрлан Ноғаев теңіз суын тұшыту үшін өнімділігі тәулігіне 24 000 м3 (Израиль өндірісі) болатын  ГТПИ-4 және ГТПИ-5 қондырғыларының салынатын орнымен танысты.

  Өңір басшысы сондай-ақ,  ОСЖТ-2 аумағында  болып, тәулігіне өнімділігі 5000 м3 болатын ауыз су кері осмосты су тұшыту қондырғысын монтаждау  жұмыстарының барысымен танысты. Тұшытуға арналған бастапқы су - Құйылыс-Меловое кен орнынан алынатын жерасты (минералданған) суы.

  Нұрлан Ноғаев «МАЭК»-ті жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстар өңір үшін стратегиялық маңызды екенін атап өтті.

  - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезекте халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде ауыз су тапшылығы кезең-кезеңімен шешілетін болады. Бұл мәселе мемлекет басшысының бақылауында. «МАЭК»-тің коммуналдық меншікке берілуі, сондай-ақ бөлінетін қаржыландырудың арқасында - облыс орталығында су тапшылығы таяу жылдар ішінде тұрақталады- деп атап өтті облыс әкімі  Нұрлан Ноғаев.