24.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мереке балаларға арналды

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні «МАЭК» ЖШС басшылығы мен кәсіпорынның «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіподақ мүшелерінің балаларына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.
Бұл күні балалар қаланы екі қабатты туристік автобуспен аралады. Олар өздері тұратын әсем қаланың небір көрікті жерлерін "ерекше көлікпен" тамашалап, ұнаған жерлерді суретке, бейнетаспаға түсіріп, қуанышқа кенелді. Биік әрі ыңғайлы автобуспен көңілді саяхат жасаған балапандар кәсіпорын ұжымына рахмет айтып, ата-аналарымен бірге мереке қызығын одан әрі жалғауға аттанды.
Сондай-ақ, бұл күні кәсіпорынның «YNTYMAQ» бастауыш кәсіподақ ұйымы қаладағы балалардың ойын-сауық орталықтарында бүлдіршіндерге арналған мереке ұйымдастырды. Кішкентай қонақтар ойын алаңдарындағы түрлі лабиринттер, батуттар, сырғанақтарда көңілді уақыт өткізді, бір-бірімен танысып, соңында ойынды да достарын да қимай тарасты.
Бұл күні облыс орталығында, демалыс аймақтарында, жағажайларда балаларға арналған түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Төл мерекелерінде өткізілген қызыққа толы шаралар балаларға ұмытылмас эмоциялар мен шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.