«МАЭК» ЖШС мұражайында маусым айының орта күндерінде «Энергетика - өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі» тақырыбында экскурсия өткізу жоспарлануда. Оның басты қатысушылары кәсіпорын қызметкерлерінің балалары, 9,10,11 сынып оқушылары болмақ.
Қазіргі уақытта осы іс-шараға қатысуға келетін балалардың тізімі жасақталуда.
- Жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандықтарын ертерек таңдағаны дұрыс. Біздің экскурсия мектеп бітірушілерге бұл мәселеде көмегі болады деп үміттенеміз. Олардың біразы алдағы уақытта біздің әріптесіміз болуы мүмкін деп ойлаймыз, - дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.