26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Маңғыстауда «МАЭК» электр комбинатын жаңғырту мәселелері талқыланды

 

20 қаңтарда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен «МАЭК» ЖШС энергетикалық кешенін жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, жауапты басқарма басшылары, «МАЭК» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары қатысты. Олар кәсіпорынның халықты сапалы энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша алдағы қызметі, сондай-ақ ескірген жабдықтар мен инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін талқылады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаевтың айтуынша, электр станциясының қысқа мерзімде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қажетті жабдықтарды ауыстыру мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан құрал-жабдықтар мен қажетті материалдарды сатып алуға жалпы сомасы 2,9 млрд.теңге қаражат бөлуге өтінім жолдаған.

Қазіргі уақытта бу қазандығын жаңғырту, су жылыту қазандықтарын салу, ЖЭО-1-де кері қысымды турбоагрегатын конденсациялық турбинаға ауыстыру және жаңғырту жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.  Сонымен қатар «МАЭК» ЖШС аумағында қуаттылығы тәулігіне 24 000 м3 су тұшыту қондырғыларын салу жобасын іске асыру барысы талқыланды. IDE Technologies (Израиль) басшылығымен және «RedLine Pro» ЖШС жобалау ұйымының өкілдерімен жаңа GTPI-4,5 қондырғыларын салу бойынша келісімдерге ерекше назар аударылды.

Қазір «МАЭК» ЖШС мамандары арналарды тереңдету және ондағы деңгейді тез арада қалпына келтіру нұсқаларын әзірлеуде.  Осы ретте өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жауапты мекеме басшыларына халыққа сапалы қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс істеу керектігін тағы да еске салды.

– Халық зауыттан уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетуді талап етеді. Кәсіпорынды артық шығынсыз сапалы жаңартуымыз керек. Ал жауапты тұлғалар өз жұмысына салғырттық танытса, тиісті шара қолданамыз. Мұнда жиналғандардың әрқайсысы МАЭК-тің қайта жандануы үшін жауапкершілік алуы керек. Өйткені МАЭК – Маңғыстаудың жүрегі мен миы. Кәсіпорын мәселесін шешу үшін облыс әкімдігі қажетті қолдау көрсетеді, – деді Нұрлан Ноғаев.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі жұмыс тобына энергетика саласына қажетті барлық маманды тартуды тапсырды.