28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Энергетиктер күнімен құттықтау

Құрметті еңбек ардагерлері мен комбинат қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке - Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өмірлік маңызы бар саланың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіріп, еңбегіңізге жеміс, атқарған әр ісіңізге сәттіліктер тілеймін!  

Соңғы жылдары елдің энергетика саласы қиын кезеңдерді бастан өткеруде, энергия өндіруші объектілердегі апаттар саны күрт өсуде. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев станциялардағы жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қолдау үшін жаңа өндіруші қуаттарды жаңғырту, іске қосу және  оған инвестициялар тартудың маңыздылығына бірнеше рет тоқталып, үкіметке арнайы тапсырма бергенін де білеміз.

Бүгін біз энергетика жүйесін реформалау қарсаңында тұрмыз, еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарының өндірістік объектілерін, оның ішінде біздің комбинатты да жаңарту бойынша күрделі  жұмыстар күтіп тұр.

Алда кәсіпорынның өндірістік қызметін жетілдіру бойынша ұзақ мерзімді міндеттер мен перспективалық жоспарларды іске асыру мәселесін қолға алмақпыз. Біз өңіріміз экономикасының дамуы және  тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатының  көтерілуі біздің комбинаттың қалыпты қызметімен тікелей байланысты екенін терең сезінеміз. Баршамызға ортақ жауапкершілікті абыроймен атқарамыз деп сенемін. 

Сіздердің отбасыларыңызға бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!

Құрметпен, Бас директор Ж. Сүйіншәлиев