Бүгін, 10 желтоқсанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев "МАЭК" ЖШС ұжымына өз еркімен жұмыстан кеткен Талғат Есентүгеловтің орнына келген жаңа бас директорды таныстырды.
"МАЭК" ЖШС жаңа басшысы болып Жасұлан Сүйінчалиев тағайындалды.
Облыс әкімі жаңа басшының тәжірибесі мен құзыреті оған "МАЭК" ұжымымен бірлесіп кәсіпорынды жаңғыртуға көмектесетінін атап өтті. Нұрлан Ноғаев кәсіпорын қызметкерлерінің алдына бірқатар нақты міндеттер қойып, өңірді ауыз сумен, жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстың үйлесімділігіне байланысты екенін атап өтті.
Жасұлан Сүйіншәлиев Самара мемлекеттік сәулет-құрылыс университетін бітірген.
Бұған дейін ол "Каспий Жылу су Арнасы" МКК директоры, "ҚазНИСА" АҚ Бас директорының кеңесшісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқару комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас сарапшысы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сәулет, жобалау жұмыстары және сметалық нормалар департаменті және басқа да қызметтерді атқарған.