26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС инвестициялық бағдарламаларды толық көлемде орындады

              20 қыркүйекте ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС инвестициялық міндеттемелер мен тарифтік сметалардың орындалу барысымен танысу мақсатында БАҚ өкілдері үшін баспасөз-туры өтті. Қатысушылар кәсіпорын бөлімшелерін  аралап, өндірістік нысандардың жай-күйімен танысты.

              Жиылыс барысында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының орынбасары Руслан Бектемір 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалардың орындалуы және 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығына бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы ақпарат берді.

              Кәсіпорын құрамына екі Жылу - электр орталығы - ЖЭО-1 және ЖЭО-2, бір Жылу-электр станциясы (ЖЭС), Дистиллят дайындау және өнеркәсіптік жылу-сумен жабдықтау зауыты (ДӨжӨЖСЖЗ) кіреді.

              МАЭКтің негізгі энергетикалық жабдықтары 1960-1990 жылдары пайдалануға берілген, оларды жөндеуге жыл өткен  сайын көбірек қаражат қажет болуда. Қазіргі уақытта жабдықтардың бір бөлігінің парктік ресурсы толық сарқылған, екінші бөлігінің пайдаланылуға тиіс мерзімі аяқталуға жақын, тіпті салыстырмалы түрде «ең жаңа» агрегаттардың өзі нормативтік қызмет ету мерзімінің 60% - дан астамын өткерген. Комбинаттағы негізгі жабдықтардың физикалық тозуы қазірде 80% - дан астам деуге болады. Бұл жағдай өндіріс тиімділігінің төмендеуімен қатар  өңірімізді энергиямен тұрақты әрі үздіксіз  қамтамасыз ету мүмкіндігін азайтады.

              Бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №74-НҚ және №75-НҚ бұйрықтарымен 2020-2024 жылдарға арналған жылу энергиясы, ыстық су, ауыз су және техникалық су өндіруге арналған инвестициялық бағдарламалар бекітілген болатын. Инвестицияларды МАЭК өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

              2020 жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 253 962 мың теңгеге (ҚҚС-сыз) төмендегідей 3 жоба іске асырылды:

  1. ЖЭО-2 – ЖЭО-1 (III кезең) жылу құбыры учаскесін күрделі жөндеу, 155 580 мың теңге сомасына;
  2. ДОУ-10 (дистилляциялайтын тұщыландыру қондырғысы) ПИВ-8 (бастапқы су жылытқыш) жылу алмастырғыш түтіктерді ауыстырып күрделі жөндеу, 67 743 мың теңге сомасына;
  3. Ду-800мм (шартты диаметр) магистральдық минералды су құбырын екінші көтермедегі сорғы станциясынан бастап ОСЖТ-1 дейін (I кезең)  күрделі жөндеу, 30 639 мың теңге сомасына.

              Барлық жоспарланған жобалардың игерілуі үнемдеулерді қосқанда 98%-ды құрады. Жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.

              2021 жылы жалпы сомасы 258 795 мың теңге (ҚҚС-сыз) болатын 3 жоба іске асырылды:

  1. ЖЭО-2 – ЖЭО-1 (IV кезең) жылу құбыры учаскесін күрделі жөндеу, 158 148 мың теңге сомасына;
  2.               2., ПИВ-8 ДОУ-9 жылу алмастырғыш түтіктерді ауыстыра отырып күрделі жөндеу, 69 917 мың теңге сомасына;
  3. Ду-800мм магистральдық минералды су құбырын екінші көтермелі сорғы станциясынан ОСЖТ-1 (II кезең) дейін күрделі жөндеу, 30 730 мың теңге сомасына.

              Барлық жұмыстар толық көлемде орындалды, үнемдеу есебінен игерілуі 85% құрады.

              2022 жылы жалпы сомасы 263 853 мың теңгеге (ҚҚС-сыз) 3 жоба іске асырылды:

  1. ЖЭО-2 – ЖЭО-1 (V кезең) жылу құбыры учаскесін күрделі жөндеу 160 785 мың теңге сомасына. Бүгінгі таңда 152 934 мың теңге игерілді, яғни жалпы соманың 95% - ы, жұмыс толық көлемде орындалды;
  2. ФКП СППВ-40 (II кезең) (ауыз суды дайындау станциясының карбонатты құм сүзгісі) сүзгілерінің сәулелік жүйесін күрделі жөндеу, жалпы сомасы 72 245 мың теңгеге. Бүгінгі күні жұмыстар орындалды, қарастырылған қаражат толық игерілді;
  3. Ду-800 мм магистральдық минералды су құбырын екінші көтермелі сорғы станциясынан ОСЖТ-1 (III кезең) дейін күрделі жөндеу, 30 823 мың теңге сомасы толық игерілді.

              Осы жобаларды іске асыру жабдықтардың қызмет ету мерзімін, сондай-ақ, жылу желілері құбырларының, ауыз су және техникалық судың сенімді пайдаланылуын арттырады, бұл тұтынушыларды энергия ресурстарымен үздіксіз жабдықтауға оң әсер етеді.

              Бекітілген тарифтік сметаларды орындау бойынша 2022 жылдың 1 жартыжылдығында жылу энергиясын өндіруге жұмсалған барлық шығындар 2 607 млн. теңгені  құрады,  бұл   бекітілген   тарифтік   смета     көрсеткішінің 108% - ын құрайды.

              2022 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтер көлемі 616 831 мың Гкал немесе 2022 жылға арналған тарифтік сметада көзделген көлемнің 54%-ын құрады. 2022 жылдың 1 жартыжылдығында ауыз су өндіру шығындары 1 693 млн.теңге, яғни бекітілген тарифтік сметаның 77% - ын құрады.

              2022 жылдың 1 жартыжылдығында көрсетілген қызметтер көлемі 5 524 596 мың м3 немесе 2022 жылға бекітілген тарифтік сметада көзделген көлемнің 47% - ын құрады.

              Шығындардың артуы әсіресе, ауыз суға сұраныстың көбейгеніне байланысты болып отыр. Оның себебі, қаламызда жаңа шағын аудандар бой көтеріп,  жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар көптеп пайдалануға берілуде. Өндіріліп, жөнелтілген су көлемінің жоспарлы және нақты көрсеткіштері МАЭК-ке тәуелді емес, тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес қалыптасады. Қаламыздың осылайша қарқынды дамуына байланысты ауыз суға деген қажеттіліктің өсуі себепті осы энергия ресурсын өндіруге арналған шығындар да ұлғаюда.

              2022 жылдың 1 жартыжылдығында техникалық су өндіру шығындары 213 млн. теңгені және орындалуы бекітілген тарифтік сметаның 71% - ын құрады.

              2022 жылдың 1 жартыжылдығында көрсетілген қызметтер көлемі 1 171 мың м3 немесе 2022 жылға бекітілген тарифтік сметада көзделген көлемнің 25% - ын құрады.

              Көлемнің төмендеуі техникалық судың коррозиясының жоғары деңгейіне байланысты, қаланың ескі тұрғын үй қорындағы қолданыстағы коммуникациялардың тозуы оны тұтынудың азаюына әкелді, тұрғындар тұрмыстық мақсаттарға ауыз су қолданатын болды. Ал жаңадан іске қосылған объектілерде тек ауыз су ғана  пайдаланылады.

              2022 жылдың 1 жартыжылдығында ыстық су өндіру шығындары 318 млн.теңгені құрады және бекітілген тарифтік сметаның 85% - ын құрайды.

              2022 жылдың 1 жартыжылдығында көрсетілген қызметтер көлемі 1 514 331 мың м3 немесе 2022 жылға бекітілген тарифтік сметада көзделген көлемнің 45% - ын құрады.

              Ыстық суды негізінен облыс орталығының тұрғындары пайдаланады. Халықтың осы ресурсты тұтынуының артуы жаңа көп пәтерлі тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға қосумен байланысты.

              Негізгі жабдықтың тозу проблемасынан басқа, кәсіпорын 2020-2024 жылдарға арналған шығынды тарифтің бекітілуі себебінен қаржы-экономикалық шығындарға ұшырауда. Тек соңғы үш жылда, яғни 2020 жылдан бастап 2022 жылдың 1 жартыжылдығына дейін кәсіпорында жылу энергиясы мен ауыз су, ыстық және техникалық су өндірісіне 9,3 млрд.теңге мөлшерінде шығындар қалыптасты.

              Мысалы, 2022 жылға тарифтік сметада жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын барлық шығындар қажеттілігі 4 300 млн.теңге болған кезде 2 346 млн. теңге сомасында бекітілді (қысқарту 45% - ды құрады).

              Жоғарыда аталған факторларға байланысты өндірілген өнімдердің құны сатудан түскен кірістен әлдеқайда жоғары. Мысалы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясының өзіндік құны сатудан түскен табыстан 73%-ға асып, кәсіпорын 1 715 млн.теңгеге шығынға ұшырады, су бойынша өзіндік құн (ауыз су, ыстық және техникалық су) табыстан 35% - ға асып түсті, сондай-ақ кәсіпорын 1 241 млн. теңгеге жуық шығынға ұшырады.

              2022 жылғы жағдай 2021 жылдағыдай, бұл ретте ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап газ бағасының 10% - ға өсуі шығынды одан әрі ұлғайтты.

              Соңғы бес жылда газ бағасының өсу динамикасы келесідей қалыптасты:

              2018 жылы газдың бағасы 5 888,33 теңге/1000 м3 құрады. 2021 жылдың шілдесінен бастап газ бағасы 12%-ға өсіп, 6597,16 теңге/1000м3 құрады. 2022 жылғы ақпанда газ бағасы 0,7%-ға төмендеп, 6551,16 теңге/1000 м3 құрағанын атап өту қажет. Бірақ, мораторийдің аяқталуымен 2022 жылдың шілдесінен бастап газдың бағасы 10%-ға өсіп, 7203,51 теңге/1000м3 құрады.

              2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша МАЭК-тің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша кірістері 2,6 млрд.теңгені, шығыстары шамамен 4,8 млрд. теңгені құрады, сәйкесінше комбинаттың шығындары 2,0 млрд. теңгеден асты.

              Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев өзінің осы жылдың 1 қыркүйекте жасаған  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында:  Тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар туындауына әкеп соқтырады. Осының салдарынан азаматтардың денсаулығына және өміріне қатер төнеді.   Монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керек. Желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажет»,-деген болатын.

              Сонымен қатар,  «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Тариф табиғи монополия субъектісінің дамуына және тиімді жұмыс істеуіне бағытталатын реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну және пайда алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамасыз етуге тиіс делінген.

              Тарифтерді көтеру қажеттілігінің себептерін айқындайтын екі негізгі фактор газды сатып алуға және тасымалдауға арналған шығындардың және электр энергиясын өндіруге арналған шығындардың ұлғаюы болып табылады.

              «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жылу энергиясы мен су өндірісі бойынша үлкен шығындарға ұшырап отырғанына қарамастан, кәсіпорын бекітілген тарифтік сметаның көрсеткіштеріне сәйкес, тұтынушыларды энергия ресурстарының барлық түрлерімен толық көлемде қамтамасыз етуде.

                                                                                                  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі