25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭКтіктер үйірінен адасқан құсты құтқарды

15 шілдеде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіндегі әріптестерімізге күтпеген «қонақты» қарсы алуға тура келді. Кезекті жұмыс күні барысында өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі Кәрім Мұсаев өрт сөндіру бөлімінің алдыңғы бетіндегі бұтаға қонған үлкен қара құсты байқады.  Байқауынша, құс әлсіреп одан әрі ұшып кете алмады.

Кәрім құсты бұталардың арасынан суырып алып, салқын өрт сөндіру боксына кіргізіп, үстіне су шашып салқындатты. Одан соң Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері комбинаттың Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Ольга Маркинаны көмекке шақырды. Маман «күтпеген қонақтың» - африкалық немесе  Қара құтан  деп аталатын құс екенін айтты.

Мамандардың пайымы бойынша, құс Қаракөл көліне ұшып келе жатқан үйіріне ілесе алмай, 1 шақырымдық жерде адасып қалғанға ұқсайды.

Оқиға орнына арнайы шақыртылған Қарағия-Қаракөл қорығының инспекторлары құсты көп ұзатпай жақын маңдағы су қоймасы – Қаракөл көліне жеткізді.