16.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК 2022 жылдың III тоқсанына бес ЭЖҰ-мен шарт жасасты  

2022 жылғы 24 маусымда және 1 шілдеде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де 2022 жылдың III тоқсанына электр энергиясын сатып алуға Энергиямен жабдықтау ұйымдарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы орталық және жергілікті атқарушы органдардан шақырылған байқаушылардың қатысуымен өткізілді.

Сатып алушылар мен тұтынушылардың өтінімдерін объективті қарау үшін құрылған арнайы комиссия «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының шеңберінде жұмыс істейді, оған сәйкес төлемге қабілетсіз сатып алушылармен және тұтынушылармен көтерме сауда нарығында шарт жасасудан бас тарту үшін негіз көзделген.

Комиссия мүшелері Батыс Қазақстанның 3 өңірінен 19 ұйымның өтініштерін қарады, олардың 11-і Маңғыстау облысында жұмыс істейтін болады. Комиссия 16 өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, 3 ұйымнан бас тартты.

Осылайша, 2022 жылдың III тоқсанында Маңғыстау облысының келесі Энергиямен жабдықтау компанияларымен электр энергиясын сатып алуға шарттар жасалды:

  1. «Альянсэнергосбыт» ЖШС. Байланыс деректері: 8/7292/202-261, 8-775-538-00-96, 8-778-455-82-85; 8-707-687-19-82;
  2. «Ақтауэнергосбыт» ЖШС. Байланыс деректері: 8/7292/440-349, 440-368; 8-708-134-29-76;
  3. «Маңғыстау Жарық» ЖШС. Байланыс деректері: 8/7292/202-262, 200-341, 440-356, 202-261;
  4. «MangistauEnergoMunay» ЖШС. Байланыс деректері: 8/7292/ 211-430, 211-468, 216-118, 216-119, 216-120, 216-121;
  5. «Теміржолэнерго» ЖШС. Байланыс деректері: 8/7172/ 611-773, 611-771,611-788, 611-770; 611-784.