«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басқарма ғимараты алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орайластырылған акция өткізілді.
4 маусым күні сағат 09.00-де комбинат ұжымы республикалық іс-шара - еліміздің Әнұранын бір мезгілде орындауға қатысты.
Биыл кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі және оның бірегейлігі мен егемендігінің бейнесі болып табылатын Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранның бекітілгеніне 30 жыл толды. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Мұрат Иғалиев қызметкерлерді мерекемен құттықтап, «Мемлекеттік рәміздер - ұлтымыздың рухын, тұтастығы мен азаттығын бейнелейтін қасиетті құндылықтар. Сондықтан, біз жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, тәуелсіздік нышандарының қадір қасиетін білуге үйретуіміз, насихаттауымыз қажет»,-деп атап өтті.
Еліміздің ертеңі жарқын, болашағы баянды болғай!
Баспасөз қызметі