26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының Наурыз мерекесімен құттықтауы

Қадірлі ұжымдастар!

Баршаңызды  Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күні сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық, бақыт пен байлық, құт-береке әкелсін!

Жыл басы  Наурызда күн мен түн теңеліп, жер жаһанды көгілдір көктем өзінің мейірімді шуағына бөлейді. Наурыз татулық пен достықты, махаббат пен молшылықты, жаңару мен жаңғыруды әспеттейтін қасиетті мереке.  Ендеше, тәуелсіздігіміздің тағы бір аяны, халқымыздың қадірлі мерекесі Сізге де бар жақсылықтарымен келіп, көл-көсір қуаныштар сыйласын!

Жаңа жыл жаңа бір белестерге, жаңа жетістіктерге жетелейді. Наурыз мейрамы қарсаңында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың үйлесімді ұштасуына негізделген Қазақстанды түбегейлі трансформациялау жөніндегі бастамаларын жария еткені кездейсоқ емес.

Біздің қазіргі басты миссия - Жаңа Қазақстанды құру және оған әрқайсымыз өз үлесімізді қосу. Бұл жолда өңіріміз бен еліміздің энергетика саласының сенімді тірегі саналатын біздің кәсіпорын ұжымы да аянбай еңбек етіп, барша күш-жігерін жұмсайды деп сенемін.

Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ  қызметіміз жемісті болсын!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры                                                                                                                  Т. Есентүгелов