08.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жеңіс тұғырында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне, сондай-ақ Маңғыстау ауданының  Шайыр ауылында спорт кешенінің ашылуына орай ерлер командалары арасында волейболдан ашық турнир өткізілді.

Оған «ФВМО», «Интергаз Орталық Азия», «Өзенмұнайгаз», «Оil Service Company», «УТТиОС», «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» және «Маңғыстау-2», Бейнеу және Шетпе командалары қатысты.

Ойын  қызықты әрі шиеленісті өтті.  Пандемияға байланысты ұзақ уақыт жаттығулар болмағанына қарамастан, комбинат спортшылары  өте жақсы нәтиже көрсетті. Ойын барысында олар сабырлы болуға, асықпауға және қателіктер жібермеуге тырысты. МАЭК волейболшылары бір-бірімен оңтайлы доп алмасу, дәл әрі күшті соққылар жасау, қарсыластарынан айлаларын асыру шеберліктерімен көзге түсіп, жанкүйерлердің  ризалығына бөленді. 8 ойынның қорытындысы бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» командасы бірде-бір қарсыластан ұтылмай  жүлделі 1 орынға ие болды. Ал Жөндеу зауытының Еңбекті нормалау жөніндегі инженері, командамыздың тәжірибелі  ойыншыларының бірі Ғали Жүргенов  турнирдің «Ең үздік ойыншысы» атанды.

«Волейбол-командалық спорт түрі. Сондықтан, жарыстағы жеңіс команда мүшелерінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі деп айтуға болады. Біздің жігіттер алаңда өздерінің қандай қарсыласқа да қарсы тұра алатын мықтылығымен танылып, жеңіс жолында біркісідей жұмылды. Нәтижесінде, әдеттегідей бас жүлдені жеңіп алдық. Бүгін Шайыр ауылында спорт кешені салтанатты түрде ашылды. Соңғы жылдары үкіметтің ауыл спортын дамытуға көп көңіл бөлгені қуантады. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын, өйткені қара күштің иелері де, шыныққан әрі мықты адамдар да ауылда тұрады", - дейді волейбол командасының жаттықтырушысы Қаныбек Шайдуллин.

 

                                                                                                                                     «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі