25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және  Энергетиктер күнімен құттықтау

Құрметті комбинат қызметкерлері!

Сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен және  кәсіби мерекеміз Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елдің егемендігі - әрбір мемлекет пен оның азаматтары үшін баға жетпес қазына. Біз үшін де ата-бабаларымыздың қанымен, жанымен, азапты жолдармен жеткен Тәуелсіздіктен қымбат ештеңе жоқ.

Осы жылдар ішінде көпұлтты Қазақстан халқы егемен еліміздің іргетасын мықтап, одан әрі дамыту мақсатындағы ортақ іске біркісідей жұмылып, еңбек етті. Татулық пен  ынтымақтың, бірлік пен бейбітшіліктің, ел басшыларының көреген саясатының арқасында Қазақстан  бүгінде ірі державалар мойындаған, экономикасы қарыштап дамыған, сәулетті де дәулетті елге айналды.

Тәуелсіздік бастауындағы күрделі кезеңдердің қиыншылықтары  Маңғыстаудың бірден-бір тіршілік көзі - МАЭК-ті де айналып өтпеді. Бірақ, ел алдындағы жауапкершілікті терең түсінген біздің тәжірибелі мамандар кәсіпорынның тұралап қалуына жол бермеді. Облыс экономикасының бүгінгідей  даму дәрежесіне жетуі – ол ең алдымен,  сіздердің еңбектеріңіз, тәулік бойы тынымсыз атқарған қызметіңіздің жемісі. Сондықтан, біз сіздердің әрқайсыңыздың еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, әрқайсыңызды мақтан тұтамыз.    

Қос мереке тұсында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және бақытты өмір тілеймін!

Қазақстан гүлдене берсін!

 Құрметпен, Бас директор                                                                                                  Т. Есентүгелов