Альянс Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жалғастыруда

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС энергиямен жабдықтаушы мекемелер Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрмыстық тұтынушылары үшін электр энергиясын сатуды «AllianceEnergoSnab» ЖШС жалғастыратыны туралы келісімге келгенін хабарлайды.

Тұрмыстық тұтынушыларға қыркүйек, қазан айларына және ағымдағы жылдың соңына дейін тұтынылған электр энергиясына төлемді «AllianceEnergoSnab» ЖШС және оның «AllianceEnergoSnab-Aktau» филиалында (бұдан әрі-Альянс) жүзеге асыруды ұсынамыз. Бұл ретте заңды тұлғалар тиісті лицензиясы бар кез келген энергиямен жабдықтаушы мекемелерімен, өңірде олардың саны бестен астам, шарт жасасуға құқылы.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі – МАЭК) заңнама бойынша нақты тұтынушылар үшін жеткізушілерді таңдауға құқығы жоқ. Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушыларын энергиямен жабдықтаумен байланысты даулы жағдайдың ушығуын болдырмау мақсатында МАЭК Альянс үшін электр энергиясын жеткізуді қайта бастау туралы өз еркімен шешім қабылдады. Альянс өзінің қаржылық қызметін ретке келтіріп, МАЭК алдындағы 4 млрд. теңгеден астам берешегін өтей алады деп үміттенеміз.

«МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС