«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы» ҚБ пандемия жағдайындағы екі жылда да бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын қолдау мақсатында мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған бүлдіршіндерге жыл сайынғы дәстүр бойынша сыйлықтар үлестіруді жалғастыруда.
Білім күніне кәсіподақ мүшелерінің 96 баласына сыйлықтар берілді. Бірінші сынып оқушылары үшін кәсіподақ ең қажетті кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын қамтитын 24 атаудан тұратын жиынтықтарды алдын ала дайындады.
- Сыйлыққа біз енді ғана сабаққа кірісетін балаларға қажетті мектеп керек-жарақтарын енгіздік. Оның ішінде альбомдар, түрлі-түсті қағаздар, пластилин, қарындаштар, бояулар және басқа да кеңсе заттары бар. Кәсіподақ ретіндегі біздің негізгі міндеттеріміздің бірі - ұйым мүшелері мен олардың отбасыларын қолдау. Біздің іс - шараларымыздың көпшілігі қызметкерлеріміздің балаларымен жұмыс істеуге бағытталған, біз олардың өсіп, өркендеуі мен білім алуына үлес қосуымыз қажет деп ойлаймын,- дейді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрайымы Ольга Шабунина.
Санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтау мақсатында мектеп жиынтықтары кәсіподақ төрағаларына табысталды, олар өз кезегінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын кәсіподақ атынан құттықтады.
Гүлбаршын Байназарова