18.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу қажет

Ұзақ мерзімді практикалық зерттеулер ауыр инфекциялар қоздырғыштарымен күресте табиғи иммунитетті қалыптастырудағы вакцинацияның тиімділігін дәлелдеді.

Вакцина жасалмаған жағдайда мүгедектік пен өлімге әкелуі мүмкін шешек, сіреспе, дифтерия, полиомиелит сияқты індеттер профилактикалық егулердің арқасында жер бетінен жойылды. Ал мұндай аса қауіпті дерттерге қарсы вакциналау жұмыстары жүргізілмеген  кезеңдерде аурудың салдары өте ауыр болғаны белгілі. Өкінішке орай, тіпті дамыған елдердің өзінде қызылшаның өршуі байқалып, адамдар ми қабынуынан -  қызылша энцефалитінен  көз жұмуда,  аяқ-қол тартылуына жеткізетін сіреспе дерті, тыныс алу бұлшықеттерінің жансыздануы  сияқты жұқпалы аурулар да    тіркелуде.

Бүкіл әлемді жайлаған COVID-19 вирусын бақылауға алу ұжымдық иммунитетті дамытуға мүмкіндік беретін вакциналардың көмегімен ғана мүмкін болды.

    - Оны алу үшін бізде 2 нұсқа бар: не барлығына жаппай ауырып ауруханаларды толтыру және медициналық көмек көрсету құралдарының жетіспеушілігін туындату, немесе екпе салу. Менің ойымша, біздің қызметкерлеріміз соңғы нұсқа ең дұрысы екенін түсінеді, әрине, вакцинаны алып, өздерін және басқаларды аурудың қауіп - қатеріне ұшыратпау қажет. Ұжымдық иммунитет қызметкерлердің шамамен 70-80% вакцинациядан өткеннен кейін ғана көрінетінін бәріміз түсінеміз. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет тіпті медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша екпе ала алмайтындарды да қорғайды, - деп атап өтті «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС медицина қызметінің бастығы Алина Есқалиева.

Осы жылдың сәуір айында халықты иммундау науқанының басталуына орай және коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жедел штабының бастамасымен кәсіпорынның медициналық қызметінің денсаулық сақтау пункті базасында  қызметкерлерге вакцина жүргізу үшін егу пункті ұйымдастырылды. Мұнда жеке емшара кабинеті, вакцинация жүргізуге рұқсат алу үшін амбулаториялық қабылдау кабинеті, сондай-ақ вакцина алғандар 30 минут бойы дәрігерлердің бақылауында болатын демалыс бөлмесі жабдықталған. Вакциналарды сақтаудың ерекше жағдайларын жасау үшін қажетті жабдықтар мен тоңазытқыштар бар. Вакцинацияны құрамында «Софи Мед групп» емханасының дәрігері мен медбике-тіркеушісі және МАЭК Денсаулық сақтау пунктінің фельдшер-вакцинаторы бар мобильді бригада жүргізеді.

    - Біріншіден, біз қызметкерлерімізге ыңғайлы болуы үшін алдыменен жұмыс орнында вакцина алғысы келетіндердің тізімін жасадық. Сонымен қатар, біз оларды алғашқы үш күнде бақылауды ұсындық. Ең алғашқы күні вакцинаны бірден 100 адам алды. Вакцинация кәсіпорын аумағында қазір де жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін МАЭК қызметкерлерінің 65% - ға жуығы вакцина алып үлгерді. Қазіргі кезде  вакцинаның  екінші компоненті жүргізілуде, ал вакцинацияны алуға ниет білдірушілер күннен күнге көбеюде. Вакцинацияға бірден жүгінгендердің көбі   бұрын осы дерттің ауыр түрімен  ауырып жазылған қызметкерлер. Коронавирустық инфекцияны жұқтырған кезде  ауырудың небір қиын  белгілерін толық сезініп, жандары қиналған олар вакцина алуға алғаш ниет білдіргендер қатарында болды, - деді Алина Салауатқызы.

Қызметкерлер арасында екпе алу белсенділігін арттыру үшін түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. МАЭК радио желісі арқылы хабар тарату, ақпараттық материалдарды электрондық пошта арқылы тарату, кәсіпорын газетінде жариялау күнделікті міндетіміз. Бұл жұмысқа бас директордан бастап бригадирге дейін барлық деңгейдегі менеджерлер қатысады. Әр қызметкермен үнемі бас санитарлық дәрігердің қаулыларының талаптарын түсіндіру бойынша нұсқаулықтар өткізіледі. Комбинаттың  кәсіподақ ұйымы да бұл жұмыстарға белсенді қатысуда. 

КВИ штамдарының күнделікті мутациясы жағдайында медициналық қауымдастық өлім қаупі бар инфекцияларға қолданылатын вакциналардың қажеттілігі туралы айтады. Мысалы, алғашқы вакцинацияны 1768 жылы шешек індеті болған кезде  Ресей императоры Екатерина екінші қолданған. Бұл ауру ғасырлар бойы жоғалмай, құрлықты кезіп ел аралап, адамнан адамға көшіп жүрді. Инфекция жұқтырғандардың 40% - ы шешектен қайтыс болды, әсіресе жас балалар. Екі жүз жылдан астам уақыт бойы әр адам балалық шағында білегіне шешекке қарсы екпе алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шешек вирусы тек зертханаларда ғана бар деп жариялаған соң 1980 жылдан бастап бұл вакцина шығарылмайтын болды.

Бүгінде Қазақстан өз вакциналарынан басқа, денсаулық сақтау жүйесі дамыған және өз үлгілерін ұсынған басқа елдерден де қосымша препараттар сатып алуда.

Ғылымды денсаулығыңыздың және жақындарыңыздың өмірін сақтау үшін пайдаланыңыз!

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметі