26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Инвестициялық бағдарламаларды орындаудың жартыжылдық есебі

30 шілдеде онлайн форматта 2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жылу энергиясын өндіру және су шаруашылығы жүйесінің қызметтері бойынша бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы жария тыңдау өтті.

Кездесу қатысушыларына, тұтынушыларға және табиғи монополияларды бақылау саласындағы мемлекеттік органның өкілдеріне комбинаттың инвестициялық бағдарламаларының іс - шараларын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы кәсіпорын бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Руслан Бектемір баяндады. Инвестициялық бағдарламаларда жоспарланған іс-шараларды серіктестік арнайы жасақталған кестеге сәйкес орындауда.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын және ыстық суды өндірудің 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Жылу беру кезеңінде жылу желілерінің пайдалану сенімділігін арттыру, Ақтау тұрғын үй қорын, қалаға іргелес елді мекендерді және өнеркәсіптік объектілерді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында ЖЭО-2 – ЖЭО-1 жылу құбырының тікелей желісіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Сорғы станциясының екінші көтергішінен 1-орталық сумен жабдықтау торабына дейінгі диаметрі 800 мм магистральды су желісіне күрделі жөндеу жүргізілуде.

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС реттелетін қызмет түрлерін өндіруге арналған тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы толық ақпаратпен кәсіпорынның сайтында танысуға болады – www.maek.kz.

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметі