15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбекті қорғау - кез келген ұйымның табысты қызметінің кепілі!

         

 

          Осы жылдың 24-28 мамыр аралығында комбинатының қызметкерлері «Басшылар, мамандар, инженерлік-техникалық қызметкерлер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау» міндетті курсынан өтті.

          Оқу орталығы курс тыңдаушылары мен кәсіпорынның  Алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды.

          Қызмет басшысы Шаңытбай Есенғалиев кәсіпорындағы еңбекті қорғау және профилактикалық жұмыстар барысы туралы әңгімелеп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

         Ағымдағы жылдың басынан бері «Басшылар, мамандар, инженерлік-техникалық қызметкерлер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша 190 қызметкер және   жұмысқа жаңадан қабылданғандар оқытудан өтті.

         Еңбекті қорғау - бұл көптеген нормативтік, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, санитарлық, емдік, профилактикалық, оңалту және басқа шаралар мен талаптардан тұратын өндірістік процесс барысында жұмысшылардың өмірлік көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін маңызды іс-шаралар.

         Қауіпсіздік техникасы - бұл жұмыс беруші тарапынан қызметкердің еңбек міндеттерін орындау процесінде қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар.

         Неліктен жұмыс орындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

        Жауап айқын: «жарақат алмау үшін». Бірақ басқа да себептер бар.

        Сонымен, жұмыс орындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың бірнеше себептері:

        - Қызметкердің қауіпсіздігі мен денсаулығы. Қазақстан кәсіпорындарында қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтамау және еңбекті ұйымдастырудың дұрыс болмауы салдарынан жыл сайын 200-ге жуық дені сау, еңбекке қабілетті адамдар қайтыс болады.

         - Басқа қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіру. Азаматтардың денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік те (ҚР ӘҚБтК-нің «Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу" 93-бабы), қылмыстық жауапкершілік те көзделген.  (Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын бұзған, осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан жағдайға ұшыратса ҚР ҚК-нің 156-бабы 1-б).

         -  Өнімдер мен қызметтер сапасының төмендеуі.

         - Жұмыс берушінің ықпалымен жұмыстан  босату. Кәсіпорын әкімшілігі қауіпсіздік техникасын бірнеше рет бұзғаны үшін немесе қауіпсіздік техникасын бір рет өрескел бұзғаны үшін еңбек шартын бұзуға толық құқылы (ҚР Еңбек Кодексінің 81 және 192-баптары).

         Нақты өндірістік жағдайлар қауіпті және зиянды факторлармен сипатталады.

         Қауіпті факторларға белгілі бір жағдайларда қызметкердің жарақатына немесе басқа кәсіби ауруларына әкелетін факторлар жатады. Бұл механизмдердің қозғалмалы бөліктері, ыстық заттар болуы мүмкін.

         Зиянды факторларға белгілі бір жағдайларда жұмыс істейтін қызметкердің ауруына немесе жұмыс істеу белсенсенділігінің төмендеуіне әкелетін әсерді сипаттайды. Мысалы, ауа мен ондағы қоспалар, жоғары температура, жеткіліксіз жарық, шу, діріл, иондаушы лазер және электромагниттік сәулелену.

         Оқу орталығының міндеті - тыңдаушыларға өндірістегі жұмыс орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру, қамтамасыз ету процесінде  қолданылатын заңнамалық және құқықтық актілерге қатысты қажетті білім беру. Еңбек қауіпсіздігін сақтау біліктілігі  алдыменен жоғары еңбек өнімділігімен қамтамасыз  етеді және қызметкердің зақымдану немесе ауру ықтималдығын азайтуға көмектеседі.

Жеміс Бекджанова, 

Оқу орталығының кадрлар даярлау жөніндегі инженері