23.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Энергетиктерді әлеуметтік қолдау мәселесі кәсіподақ талқысында

Ақтау қаласына жұмыс сапары аясында «Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразбек Бекбас «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподақ» ҚБ активімен кездесті. Кәсіподақ мүшелері ұжымдық шарттардың талаптарын орындау, жалақы деңгейі, кәсіпорын қызметкерлерінің қазіргі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлеріне әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлінетін қаражатты ұлғайту жолдары мәселелерін талқылады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрайымы Ольга Шабунина ұжымдық шартқа дайындық барысы және алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Кездесу қонағы Оразбек Бекбас комбинат кәсіподағы мүшелерін толғандыратын өзекті сұрақтарға жауап берді.

Мәжіліс соңында Еңбек міндеттерін адал атқарғаны және белсенді қоғамдық қызметі үшін МАЭК қызметкерлері медальмен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

ЖЭО-2 материалдық-техникалық жабдықтау бюросының материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономисі Лейла Долгаяға «Құрмет белгісі» медалі тапсырылды, «Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен Радиациялық технологиялар және техникалық диагностика орталығының 8-санатты ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектоскописті Сергей Бородавкин, Қауіпсіздік қызметінің шаруашылық меңгерушісі Тансұлу Мендбаева, Жөндеу зауытының бу күштік жабдығының 8-санатты слесарь-жөндеушісі Серікқали Собалақов, ЖЭО-2 қазандық турбина цехының 7-санатты қазандық жабдығының аға машинисі Еркен Өтеулин марапатталды.

 

IMG 8327

IMG 8336

IMG 8333

IMG 8312

IMG 8320

IMG 8344