16.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ер қаруы - бес қару

«Ер қаруы - бес қару» демекші, міне бүгін 3502 әскери бөлімінде тағы да сарбаздарымызға қару табыстау рәсімі өткізілді. Мерекелік іс-шара  бөлім командирі полковник Усанов Ерік Амангелдіұлының құттықтауымен басталды.

Сарбаздар бастапқыда Жаңа өзен қаласындағы 5548 әскери бөліміне келіп түсіп, сол бөлімде Отан алдындағы Әскери антын қабылдаған, ал 23 қаңтар күні сол жақтан біздің 3502 әскери бөліміне  мерзімдік қызметке 22 сарбаз келіп қосылды. Жаңа құрам алдыменен әскери бөліммен, басшылығымен таныстырылды. Ал бүгін олар үшін жауапты да, маңызды күн. Жас  жауынгерлерге штаттық қару-жарақтары табысталды. Мұндай жауапты қадамға алдын ала дайындалған әскерилер, өздерінің Отан алдындағы борыштарын өтеуге даяр екенін білдірді.

- Бүгін біздерге үлкен жауапкершілік пен сенім артылып, әрқайсымызға бекітілген қаруымыз табысталуда. Осыған дейін де, біз бір ай бойы оқу-жаттығулар өткізіп, әскери өмір тәртібіне бейімделіп және оның қыр-сырларын біраз меңгердік. Отан алдындағы борышымды өтеген соң да осы жерде қалып, әрі қарай қызмет етуді жоспарлап отырмын,-дейді жас сарбаз Темір Ермекқалиев.

Оларды әрбір Қазақстан Республикасының ер азаматы өтетін абыройлы да, ауыр жол, өзіндік қыр-сыры бар әскери өмір жолы күтіп тұр. Қатарымызға қосылған жас сарбаздар бұдан былай әскери бөлімнің жауынгерлік қызметтерін атқаратын болады.

Салтанатты шараға бөлімнің запастағы ардагерлері подполковник Қуат Бейсеков пен запастағы старшиналар Сергей Дубовицкий, Олег Локес және запастағы сержант Мейрамбек Сапарханов қатысып, жауынгерлерді жаңа азаматтық қадамдарымен құттықтады, Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, отбасыларына аман-есен оралуын тіледі.

    кіші сержант  Жаннат Асылбай

02.02.2

02.02.3