22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

10 тамыз - Абай күні

                  Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Осы мерейтойды жоғары деңгейде атап өту мақсатында өткен жылы арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, жалпы республикалық жоспарда жасақталған болатын. Ал үстіміздегі жылдың қаңтарайында «Астана-опера» театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ел Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың қатысуымен мерейтойдың ресми ашылу салтанаты өткізілді. Өкінішке орай, əлемді жайлаған жұқпалы індеттің таралуына байланысты жоспарланған көптеген шараларды өткізу мүмкін болмады. Есесіне, енді Абай мерекесін жылда атап өтетін болдық. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланып, мерекелік күндер күнтізбесіне енгізілді. Ал енді ұлы ақынның терең философиялық ой-толғамдары топтасқан қара сөздерімен сусындайық.

Төртінші сөз: Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды... 

Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

Алтыншы сөз:  Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың - пысық, ішің - нас,

Артын ойлап ұялмас, -

болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.

Он бесінші сөз: Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де  білмей қалыппысың?

Жиырма сегізінші сөз: Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен... Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, бірақ қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан - құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе - жоқ.

Отыз сегізінші сөз: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп  білесің.

Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз  біліп  болмайды. Білімсіздік хайуандық  болады.

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық,  кедейлік - бәрі осыдан  шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан  бөлінеді, бір жыртқыш хайуан  қисабына қосылады.