23.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жеңіс тұғырында қыздар

             

               15 ақпан күні Ақтау қаласындағы «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде  Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні мерекесіне орай волейболдан қыздар арасында облыстық жарыс өткізілді. Екі күнге созылған бәсекеге 18 команда қатысып, ойын өте тартысты өтті. Нәтижесінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС волейболшы қыздары жүлделі 1 орынды жеңіп алды.  Ал   командамыздың ойыншысы, комбинаттың Ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкері Дарья Кобаль жарыстың «Үздік шабуылшысы» атанды. Маэктік қыздардың тордан асыра соққан доптары ұпайға ұпай қосып, олардың біріншіліктегі ең мықты әрі шебер ойыншылар екенін көрсетті.

            «Командадағы қыздарға ризамын. Әрқайсысының отбасы, бала-шағасы бар. Сонда да апта ішіндегі жаттығулардан қалмайды. Жарыстарда кәсіпорынның беделін үстем етіп, жүлделі орындарды ешкімге бермей келеді. Бүгін де ардагер ағаларының сенімінен шығып, тамаша ойын көрсетіп, жеңіске жетті. Кәсіпорындағы  қызметтерін де асқан жауапкершілікпен атқарып, абыроймен еңбек етуде», - дейді команданың бас жаттықтырушысы Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин.

               Еңбек пен спортты ұштастырып, отбасының да ұйытқысы болып жүрген қыздарға алда да жеңісті күндер тілейміз.