23.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мерекедегі жеңіс

     

       Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі волейболдан «Бәйшешек» деп аталған спорт жарысын өткізді. Үш күнге созылған бәсекеде біздің кәсіпорынның волейболшы қыздары ешбір қарсыласына есе жібермей, жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Шешуші ойында қаладағы «Каспий» кәсіби волейбол клубының командасын 2:0 есебімен ұтқан қыздарымыз жарыстан керемет көңіл-күймен тарасты. Өз мерекелік демалыстарында жеңімпаз атанып, комбинаттың абыройын биіктеткен спортшыларымыз қандай құрметке де лайық. Осы турнир барысында шебер ойындарымен көзге түскен комбинаттың Ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Әлия Ибрайымова «Үздік тосқауылшы», Гаухар Атантаева  «Үздік байланыстырушы» атағын иеленді.

     «Бұл жолғы ойындар бұрынғылардан күрделірек болды, жеңіс те оңайлықпен келген жоқ.  Себебі, үнемі жарыстарда бірінші орынды бермей жүрген біздің команданы жеңбек ниетте басқалар өз қатарларына тәжірибелі спортшыларды тартқан. Ал соңғы ойында тіпті кәсіби волейболшылар клубының шебер ойыншыларымен бетпе-бет келіп, біраз тер төгуге тура келді. Дегенмен, қыздар өз мерекелерінде ерледі, өздеріне әдемі сый жасады. Ризамын»,-дейді бас жаттықтырушы, Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин.

         Өмірде де, спортта да жеңісті күндерің көп болсын ару қыздар!